Ой мороз, мороз, не морозь меня ...)

Ищщааа… Осы тұрғанда Ақтөбе аяз қатты болып тұр. -39-ды көрсетіп тұр. Машинаның жоқтығы қатты білінеді екен. Биыл бізде қыс қатты болып тұр. Ертеңгісін балдарымды балабақшаға апарар апармасымды ойланып тағы жүрдім. Амал жоқ тастайтын жер жоқ, апарып тастадым. Енді біртүрлі жүрегім ауырып отырмын тоңып қалды ау деп, балабақша да салқындау. Тездетіп бітсе екен мына аяз!!! Сіздерде қалай жылы шығар оңтүстік жақта? Завидуююю )))
Әрі қарай

Қасиетті аяз (Крещенские морозы)

Блог - ErNur: Қасиетті аяз (Крещенские морозы)
Суреттің сілтемесі мында

Исі Христиан жандардың аяз мерекесі жайлы әңгіме. Осы күндері өзен көлдерден крест үлгісінде ойықтар жасап, суға шомылады. Олардың сенімі бойынша осы суға шомылу күнәларын тазартып, арылтады-мыс. Денсаулықтарына жақсы әсер береді. Ендігі айтпағым осы былтыр кабинеттестеріміздің арасында бәстесу болып, болмай қалған. Кейбіреуі осы күні кәдімгі краннан су ағызып алып сақтаймыз, пайдаланамыз, қанша уақыт өтсе де өзгермейтінін айтып қоймайды, ал біз ( меніңше де) оның мүмкін емес екенін айтып бақтық. Биыл бұйыртса енді суды әкелтіп сенушілерге сол күнгі, біз келесі күнгі судан алып екі ыдысқа құйып қойып бақылап көретін болып келістік. Ал сендер бұл жайлы не білесіңдер? Жалпы сенесіңдер ме?
Әрі қарай

Салыстырайықшы

Қыс келді, суық түсті. Гугл астанада минус 41 дейді. Ақтөбеден кеше звандады минус 20 деді. Алматылықтарда үсіп барамыз дейді. Қысқасы, аяз. живойжурналда toxaby атты қолданушы Беларусь республикасының МЧСының сайтында жарияланған ескертуді келтіріпті. Беларустардың МЧСының сайтына сілтеме мынау.
Олай болса ҚЗның МЧСы недеватр екен деп кірдім. Ақпарат мүлдем жоқ емес бар, іздеп таптым. Негізгі бет / Қызмет / Төтенше жағдайлардың алдын алу / Тұрғындардың қатты аяз және тайғақ мұз кезіндегі әрекеті. сілтеме мынау.
Салыстырып көрейкші екі елдің министрліктері халқына деген назарын, жаны қаншалықты ашитынын.
қазақстанның аяздарында мчс айқай салып ескерту керек менім ойымша. сол айтқым келгені.
Әрі қарай

Аяз һәм пластик терезе

Жертөленің терезесін қойдың қарынымен қаптаған замандарда болған. Әйтседе, біздің барлығымыздың дерлік балалық шағымыз шыны терезелер заманымен тұспа-тұс келеді. Таңертең ұйқыдан тұра салып терезе шынысындағы аяздың салып кеткен өрнектеріне тамсана қараушы едік.Әр күні әр түрлі өрнек салып кететін Аяз шалдың суретшілігіне бас шайқаушы едім. Аязды Аяз ата кейіпінде елестетуші едім. Бес жасыма дейін әрине. Қазір қала тұрмақ ауылдағы жұртшылық терезелерін пластиктеуге көшіп жатыр. Бұны заманның талабы дейміз бе әлде басқаша жоримыз ба, ол өз еркіміздегі дүние. Әйткенмен, осы пластик терезелерге Аужекең өз өрнегін сала алмайды. Ендеше, боранды я болмаса шаңылтыр аязды күндері терезеге телмірген балалар аяз салған өрнектерге қарап түрлі қиялдарға берілмесі де анық.
ПыСы: Үйдің терезесін әлі пластиктеп үлгерген жоқпын)))
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Лифчикті сиыр

Биылғы қатты аяздардың беті қайтатын түрі жоқ. «Түкірсең түкірігің жерге түспейтін аяз» деген осы шығар.Бұл аяздар тек бізде ғана емес Якутскіде де жалғасуда десем күлкілі болып кетер.Себебі, біздегі -30-35 градус(Целсия) оларға қауіпті емес. Бірақта, биылғы аяздар ол жақта -47, тіпті кей жерлерінде -55 ке дейін барыпты деседі.Жылы үйде отырып алып,«малға обал болатын болды» деп етті шетінен жеп отыра беретін қазекемдер бұндай аяздарда не істейтінін білмеймін.
Әрі қарай

Жердің түбі Жезқазған...

Баяғыда, Жезқазғанның облыс болып тұрған шағында Ақтоғай ауданынан шыққан Уазик облыс орталығына тартыпты.Партияның кезекті жиналысы болса керек.Ақтоғай Қарағанды облысының бір шалғайында жатқан аудан, Жезқазғанға тіптен алыс.Содан, әбден шаршаған бір жолаушы «Жердің түбі Жезқазған, облыс болған неңді алған» деген екен.
Сол, Жезқазғанға жол түсіп мен де бардым 4 күн демалысымды пайдаланып. 17-сі күні 20:45 те автобусқа отырған мен, 18-і таң ата жетуге тиіс болатынмын. Бірақ, аяздың күшеюіне байланысты Жайрем атты кеңшарда түнгі үш жарымнан бастап таңғы 11 ге дейін тұрдық. Жол полициясының қызметкерлері рұқсат бермеді. Автобусты қанша жылытуға тырысқанымен,іші салқындап кетті. Әйтеуір жанымдағы келіншекті құшақтай беріппін. Сөйтіп Қарағандыдан Алматыға жететіндей уақытта жеттім-ау. Қайтарға алдын ала әр жақтағы достарым билет алып қойғантын. Бірақ, жолдың жабылуына байланысты ол рейісіміз де уақытылы жүрмеді.Ұшақ, пойыз дегендерге билет тіптен жоқ. Әйтүп-бүйтіп бір жанкешті таксистті тауып алып, 4 адам соны жалдап Қарағандымызға аман-есен жеттік.
Бұл жазбаның берер ғибраты мынау. Қыстың көзі қырауда алыс жолға шықпаңыздар, шықсаңыздарда бала-шағамен шықпаңыздар!
Әрі қарай