Кіржиген көзқарас: Жайдарман, екiншi 1/8 финалдық ойын
Эфир уақыты өтті, бәрің қарадыңдар ма?
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.
Әрі қарай
Екінші ойын, қысқасы. Тарих маусымында — тарихта қалуды мақсат тұтқан командалардың (бәрі емес сияқты, былай) кезекті бестігі ойнады. Жюриде бірлі-жарым өзгеріс бар. Негізі, бұл — дұрыс үрдіс. Тың көзқарас, жалпы алғанда, барлық жерде керек.

Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты білімділер додасына еліміздің әр қиырынан сан түрлі жас жиналды. Бәрінің алға қойған мақсаты біреу. Өздерінің білімдерін ортаға салу, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысып бағу. Өмірдің өзі күрес, кез-келген бәсекеде алдыңғы қатардан көрінуге тырысу табиғат заңдылығы. Алайда, олимпада барысында ол заңдылық сақталмаса да болады. Себебі, университет қабырғасында жүріп, теорияны кітаптан, ұстаз дәрісінен оқу арқылы алған білімді, басқа студенттермен кездесіп, талқыға салу арқылы бекіту мүмкіндігі туындайды. Сондықтан, жеңіске жетемін деп емес, «Білім аламын, тәжірибе жинаймын»-деп келу қажет.
Бұл күні біз тек сынақ тапсырумен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Аты барша Қазақстанға жақсы танымал ҚазҰУ қалашығын аралап, осы жерде оқитын қатарластарымыздың тыныс-тіршілігімен таныстық. Талай жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздар қауымының айтқан ақылдары мен келелі сөздеріне құлақ түрдік. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстазы, ғалым Назгүл Шыңғысованың сөзі көңілге қонымды. 
























