"Алау" мұз айдыны BlogCamp-2012 қатысушыларын сырғанауға шақырады!


Астана қаласындағы "Алау" мұз айдыны наруыздың 21-25 аралығындағы «Жаппай сырғанау» акциясына BlogCamp-тің және Астанамыздың 30 қонағын тегін негізде қатысуға шақырады!

«Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Алау» мұзайдыны сарайы» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорыны Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған.

«Алау» –«жылдам мұз» дайындауға мүмкіндік беретін, заманауи жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әлемдік деңгейдегі мұз сарайы. Бірегей сәулетінің және орналасқан жерінің арқасында «Алау» — Астанамыздың көз тартарлық жері және спорттық қақпасы болып табылады.

Сарайдың жүрегі – 8 000 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан, екі хоккей алаңынан, төреші алқасы залынан, баспасөз мәслихатын өткізуге арналған конгресс залдан, спортшылардың киім ауыстыруына арналған сегіз шешінетін бөлмеден тұратын мұзайдын.

Сарай мына спорт түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған:
  • конки тебу спорты;
  • шорт-трек;
  • хоккей;
  • керлинг;
  • мәнерлеп сырғанау.
«Алау» МС ұжымының мақсаты — жетілген техникалық құрал-жабдықтар, бірегей сәулеттік жоба, қызметкерлер кәсібилілігінің үйлесімі негізінде жетекші дүниежүзілік тегіс мұзайдындардың санатына ену.


«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ӘЛЕМДІК МҰЗ АЙДЫНДАР РЕЙТИНГІНІҢ ТОП-20-ЛЫҒЫНА КІРЕДІ



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫНДА БІРНЕШЕ РЕКОРДТАР ЖАСАЛҒАН



«АЛАУ» МҰЗ АЙДЫНЫ — ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ БАР КЕШЕН



«АЛАУ» — АСТАНАЛЫҚТАРДЫҢ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНЕ ТЕҢ БЕЛСЕНДІ ДЕМАЛЫС ОРНЫ



Қазақстан Республикасы, Астана қаласы
Қабанбай батыр даңғылы, 47
Тел: +7 (7172) 706 744
Факс: +7 (7172) 706 743
e-mail: alau@alau.info
Әрі қарай

Ұйымдастыру мәселелері

Құрылтайшылар, сәлем!

«Блог құрылтай ұйымдастырушылары кім?» деген сұраққа жауабын барлығы да біледі ғой.

Білмегендерге айтып кетейін. Blogcamp ұйымдастырушылары қатысушылардың өздері.

деп бастап, негізгі 2 мәселеге тоқталып кетейін:

1-Назарбаев Университетінің қасында (екі аялдама)«Алау» деп аталатын мұз айдыны орналасқан.
Сол жердің әкімшілігімен тегін вход жайында келіссөздер жүргізіп жүрмін.
Блог құрылтайдан кейін, кешкі сағат 20.00-22.00 арасында сырғанайық десек, қанша адам барады?
Алдын-ала айтып кетеін. Олар бізге тек кіруді тегін жасай алады. (негізгі бағасы: 1500 тг)
Ал конькиді өздеріңіз алып келесіз, я болмаса, Алаудан на прокат аласыз. (1000 тг/екі сағатқа)
Әрі қарай

New wave-2011

Биыл Латвияның Юрмаласында өтетін «Жас толқын» байқауына еліміздің атынан «A-lau» тобы қатысайын деп жатыр. Бұған дейін Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Қайрат Түнтековтер қатысқан болатын. Қыздарға сәттілік! Қыздар осыған дейін жасөспірімдер арасында өткізілген осы байқаудан бас жүлдені иеленіпті. Мынау видеосы.

Мынау линк:http://newwavestars.com
Әрі қарай