UFC Fight Night 26: Римнің құлауы
Міне, кезекті демалыспен бірге тағы бір айтулы UFC шарасы өтті.Бұл бір титандар қақтығысына толы кеш еді. Алистар Оверим, Маурисио «Шоган» Хуа, Чейл Соннен сияқты мықтылар қатысады деген соң, көптен күтілді. Бірақ нәтижелер көпшілігі күткендей шықпады. Мәселен, кештің басты жекпе-жегі саналатын Чейл Соннен-Маурисио «Шоган» Хуа және Алистар Оверим-Трэвис Браун кездесулерінде «Шоган» мен Оверим фаворит болып тұрған еді, бірақ «андердогтар» Соннен мен Браун айды аспаннан бір-ақ шығарды. Төменде — әдеттегідей GIF форматындағы суреттер.

Андерсон "Өрмекші" Силва жақында кіші Рой Джонспен бірге-бір шыққысы келетін айтып жүрген еді. Тіпті Рой Джонстан бір жекпе-жек сұрап, жалынған видеосы да бар. Негізі, Рой Джонс та кетәрі болмаған. Бірақ белгісіз бір себептермен келіссөздері әлі созылып жатыр. UFC келісім-шартының шектеулеріне байланысты шығар, кім білсін.
Биыл көрген жекпе-жектердегі мен үшін ең әсерлі болған нокауттарды GIF форматында бөліссем деймін. Басқалар сияқты орын-орындарға бөліп, хит-парад түрінде ұсынсам да болатын еді, бірақ, шыны керек, қайсысын қай орынға жатқызарымды білмей отырған жайым бар. Нокауттардың барлығы мен үшін бірдей болып тұр
Strikeforce ұйымын Zuffa компаниясы сатып алып, ол чемпионаттағы жекпе-жекшілердің барлығы UFC-ге өткеннен кейін бір-ақ рет жекпе-жекке шыққан Даниель Кормьенің (жеңіс-жеңіліс: 12-0) өнерін тамашалайтын да күн алыс емес сияқты.
