Ой мен қырды аралап, S4 кетіп барады...


Бір ай. Адам өмірі үшін аз уақыт емес. Жұмысқа тұрсаң да, универ бітірсең де, отбасын құрсаң да, бала тапсаң да, басқа бір жаққа көшіп кетсең де, артығымен жететін мерзім. Бір ай ішінде, сосын, қазақтың үш қаласын аралап шығуға болады. Аралап деген сөзге баса көңіл бөліңіз. Осыдан отыз күн бұрын SamsungRoadShow промо-турының аясында Samsung бес қаланы бетке алып, тұтынушылар техникасының жаңа өнімдерін сықырлата тиеп, салдырлатып жолға шыққан-ды. Оңтүстік Корея алыптарының бірі міне айға жуық уақыт бойы алаша-даланы кезіп жүр. Артта әсем Астана, сулы-нулы Өскемен және роуд-шоуға аузын-мұрнынан шығып, ағылып адамы келген Павлодар қалды.
Әрі қарай

"Фотоаулау": Angry chicken :/

Иә, иә кеше көргендеріңіздей біз күні бойы Энгри Бердc ойнадық!

Блог - rakisheva: Фотоаулау: Angry chicken :/

Барлығы былай басталды…

Әдеттегідей таңертеңгі тоғызда байқаудың ұйымдастырушыларынан тапсырма келді. Алдыңғы тапсырма оңай көрінгенімен. Кешегі тапсырма шұбатылып, шырматылып, шатасып, араласып-құраласып, қысқасы «черт» болып келді.
Әрі қарай