La-La-La
Naughty Boy атты британдық әншінің Sam Smith-пен бірге айтатын La-La-La-La әні биыл хит болып тұр. Naughty Boy-дың шын аты — Шахид Хан (Shahid Khan), Лондонда Пәкістандық отбасыда дүниеге келген. La-La-La арқылы танымал бола бастады. Осы әннің клипінің мағынасын интернеттен іздеген едім. Тапқан ақпаратымды сіздермен бөлісейін.
Клипте әкесінен зәбір көрген бала далаға қашып шығады. Жолда бір үндістің итін алып кетеді. Содан кейін би клубында шаң-шаң болып, музыка қосып беріп отырған шалды ертіп алады. Екеуі көшеде жол көрсетіп тұрған түсініксіз адамды да өздерімен ертіп кетеді. Үшеуі бірге бір тауға келіп, таудағы үңгірде баламен қоштасады. Бала үңгірдегі ешкібасты құбыжықпен жалғыз қалады.