Интернетпен қашан таныстыңыз?
Мектепке алғаш барған кезімізді, алғашқы ұстазымызды еске алғандай интернетке қалай келгенімізді де еске ала отырайық. Қандай сайттар алғашқы сайттарыңыз еді? Қандай бағдарламаларды көп қолданатын едіңіз?Менің интернетпен таныстығым 1997 жылы басталды. Анкара қаласында оқитын нағашыма қонаққа барған едім. Университеттеріндегі интернетке алып барды. Алғашқы көрсеткен сайты Караван газетінің сайты www.caravan.kz еді. Алғашқы қазақстандық сайттардың бірі сол сайт болған сияқты. Кейін өзіме барғасын асықпай қараймын деп http:// деп басталатын жерінен бастап бір қағазға жазып алған едім. Осылайша интернеттің не екенін түсіне бастадым.

Менің қолданатыным убунтуым жаңа нұсқа болғандықтан көптеген репозиторилерді қолдайды, сол себепті бағдарламаны орнатуда айырмашылықтар бар.
Өзімде тұрған 10.10 нұсқасы болғандықтан осы нұсқаға қатысты айтамын, басқа нұсқалары да ұқсайды.