Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1) Менде бір керемет сюжет бар... 1 сәуір 2012, 00:30 Өлеңді жүктеп алуыңызға болады. «Вахтовиктің сағынышы». Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 ) Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын, Кәсібім сол таңдаған, не қылайын, Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы, Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым. Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп, Арлы-берлі жүремін желдей есіп, Той-томалақ менсіз де өте жатар, Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп. Шыр айналған дүние тоспа мейлі, Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі, Әрі қарай