Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog

Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.

(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).

Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Әрі қарай

Aygen пакеттері қайдан шыққан?


Aygen деген жазуы бар көк пакеттер бірнеше жылдан бері ең танымал пакет болып келеді ғой біздің тұрмысымызда. Қандай фирма екен Aygen деген деп ойланып көрдіңдер ме? Бүгін сол сұраққа жауап іздеп, инетті шарлап қайттым.
Әрі қарай