Театрға бардым


Осы аптада Жамбыл облысында «Art Mix» өнер семинары өтіп жатыр. Семинарға Болат Атабаев бастаған біраз кісілер келіп, өз білгендерін осындағы әріптестерімен бөлісуде. Осы шараның аясында бүгін Тараз қаласының драма театрында үш қойылым болды. Біріншісі "Қыз Жібек", екіншісі Е. Әлімжановтың "Әр қазаққа — бір қатын!" қойылымы. Соңғысы — «Ассоль» музыкалық феериясы(ощм осылай деп жазылыпты нақтың). Мен осы соңғы спектакльге ғана үлгердім. Былайша жаман емес болды. Әсіресе, тавернаның иесі, ерке екі қыздың шешесінің рөліндегі кісі жақсы ойнай алды. Шынымды айтсам кейіпкерлердің есімі жадымда қалмапты. Айтпақшы Ассольдің абтыры П.Морозов деген біреу екен. Менің түсінгенім бойынша «Алые Парусаны» өзгеркен ба, әлде соған ұқсатқан ба — қойылым соңында принц алқызыл желкені бар кемемен келеді. Өкінішке орай спектакль орысша болғандықтан кейбір сөздерін ұғынуға өрем жетпеді. Режиссер тым әдеби тілді таңдаса керек. Ең ұнамаған кейіпкер — әулие шалдың образы. Сол рөлдегі актердің кемшілігінен болса керек, әулие шал тым қарапайым ойнады. Сахна төрінде тұрған оның көрерменнен айырмашылығы жоқ секілді сезілді. (Ұмытып барамын, Атабаев арқасына "@Ahi уішівөл" деп жазып алыпты  )
Әрі қарай