Романтикаға шөлдеген жастар...


15-сәуір "Ұлттық ғашықтар күні" етіп атап өтейік деп ұсыныс тасталғанын жақсы білесіздер. Негізінде 14-ақпан күнінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Тек сол "әулие" дегеннен құтылудың амалын жасаған сияқты. Бірақ күн жылыған кезде тіптен жақсы болды. Осы күнге орай Алматыда (басқа қалалар жағын білмедім) «аспан фонариктерін» ұшыру үрдісін ұйымдастырған еді. Шара жайлы көп ақпарат берілген жоқ. Алайда Интернеттің күші сол, ұйымдастырылған жер — «Тұңғыш президент паркі» ығы-жығы адамға толы болды. Ғашығы бар, емесі бар, отбасымен келіп фонариктер ұшыруға қызыққан жұрттан аяқ алып жүргісіз.Осыдан-ақ елдердің романтикаға шөлдеп қалғанын аңғаруға болады. Шыдамсыз жұрт аталған 22:00-дің орнына сағат 21:00-ден бастап жібере бастаған сияқты. Көппен бірге бір уақытта жібергенде тіптен әдемі болар ма еді?
Әрі қарай