Қытай қыз

Бүгін бір қытайдың қызымен таныстым. Аты Синь Жәнь. Өзі дәл осылай жазып берді. Қытайдың ССTV деген ұлттық арнасының Орта Азиялық бюросының журналисі екен. Сайлау туралы репортаж жасап жүр. Ең қызығы, қалқам қазақша сайрап тұр! Дым мүдірмейді! Сұрастыра келе, Үрімшіде өскенін білдім. Бірақ, қалай болғанда да қытайдың қазақша сөйлеп тұрғаны таңқалдырды.
Әуелгі ойым, ана тілін білмейтіндерге, "үйрене алмаймын" деп қыңқылдайтындарға осы қызды көрсету болды. Үлгі тұтатындай-ақ. Алайда орыс тілділерім «рас-ау» деудің орнына, геосаяси филисофияға сүңгіп кетті. Ойлары, «Бұл қытай деген атаңа нәлеттерден бәленің бәрі шығады. Ол қыз әбден үйретілген. Қазақтың арасына тез сіңіуі үшін, арнайы қазақ тілін оқыған, ол шпион» дегенге саяды. Қолды бір сілтедім! Тап сол қытайға керек болса, қазақты қазақша сөйлемей-ақ құл қылып алады! Бүгінгі орысша сайрағандардың ұрпағы енді бір елу жыл өткен соң қытайша қыңқылдап тұрмайтынына кім кепіл?!
Очм, мораль жоқ бұл постта!
Бірақ, ана қытай қыз мадес! Айтпақшы, өзін суретке түсірткізбеді. Неге екенін білмедім.
Әрі қарай