Даналық емес пе? (түзетілген нұсқасы)



Жабайы жерлерде, тропикалық аралдарда әйелдер жартылай немесе толықтай жалаңаш жүреді. Әйелдің кереметтеріне қызыққан еркек сол бойда таңдаған әйелінің қасына барып, құмарын қандыра алады. Ешқандай моральдық тиым жоқ – жынды қояндай бүкіл аралмен жыныстық қатынасқа түсіп шықсаң да мейлі.
Әрі қарай

Қызбен алғашқы кездесу (телефонмен шақыру)


Тез жеңіске жету стратегиясы.
— Салем. Бұл Райхан ба? Біз екеуміз… кездесіп едік қой (Егер ол сені еске түсірсе, қай жерде кездескеніңді айтпай-ақ қой)
— Сәлем…
— Хал қалай?
— Жақсы (нормально\жаман)
— Жақсы екен (ондай-ондай болып тұрады)
(Эмоциялық фонды бір дәрежеге көтеру керек)
— Менде бір керемет идея бар.
— Қандай?
— Давай мына жерде, мынанша уақытта кездесейік.
— Иә.
— Сен қаншаға кешігесің?
— Мен кешікпеймін.

Немесе

— Сәлем.
— Сәлем. Бұл кім екен?
— Танымадың ба? Бұл Саян3 қой. Екеуміз кеше Арбатта сөйлесіп ек.
— Қалайсың?
— Жақсымын. Ал сен ше?
— Бәрі күшті. Далада керемет ауа-райы. Жүр қыдырып қайтайық ))) Хан шатырының алдында кездесейік.
— Жарайды.

P.S. Бір күнде басқа қалаға жету бұл енді басқа әңгіме  Жалғасы бар
Әрі қарай

Кімнің есінде?

Ары дөңбекшіп, бері дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Есіме 8-сыныптағы билолгия кітабының 89-беті түсіп кетті. (Ол үшін емес ұқтай алмағаным). Біз «Атамұра» баспасымен оқыдық қой. Кейінгісі «мектеп» болуы керек. Кімнің есінде екен осы бет, қай тәуелсіздік құрдасы осы бетті оқыды? Біздің мұғалім бұл тақырыпты тастап кеткен болатын.
@VKM, @blacbeard, @ushkin, @AKA, @Erkekyz, @Esmeralda, @estetika91, @tvoya_A, @Rozatai, @Kuralai, @serjan қайсыларыңның естеріңде?
Әрі қарай

Қасық түссе...

Қазақта небір ырымдар мен тиымдар көп қой. Баяғыда кеседегі шайдың ішінде бір ұзын шама (сама) жүзіп жүрсе қонақ келеді дегенді де естіп ем. Шай ішіп отырып қасық түсіріп алса да біреу келе жатыр деп жорамалдауға болады екен. Бір қызығы, қасық етпетінен түссе еркек, шалқасынан түссе әйел (қатын) адам келеді деп айтылады. Неге? Әлде бұған қос жыныстың төсекте жатуының қатысы бар ма? Бұндайды естіп пе едіңіздер?


Суреттің алынған жері міне
Әрі қарай

Оқымысты әйел

Бір жігіт балық аулауды жан-тәнімен сүйіпті. Сенбі, жексенбі болса универсалды Пассатының артына қармақтары мен резеңке қайығын салып алып,қасына келіншегін ертіп балықшылығына тартып отырады екен. Келіншегі болса табиғат аясында, көлеңке түбінде кітаптарын оқитын болыпты. Осындай бір сапарда жолдан шаршап келген жігіт шатырды тігіп(жаман сөз емес), қайығын үріп болған соң шамалы көз шырымын алмақ болады. Әйелі қайыққа мініп кітабын оқып отырады. Әйелдік қызығушылығы артып ескекті есіп жағалаудан қамыс арасына қарай сәл ұзаңқырап кетіпті. Қолы талып, «сәл демалып алып қайтамын ғой» деп кітабын оқып отырса балық инспекторы келіп(бұлда қайықта, басқа қайық): «рұқсат қағазыңызды көрсетіңіз » депті. Жоқ екені белгілі.
-Айыппұл төлеңіз?
-Мен кітап оқып отырмын, балық аулауға қатысым жоқ
-Менде сізді балық аулады деуге барлық дәйектемелер бар(иегімен қармақтарды нұсқапты).
-Онда, мен «мені зорлады» деп сіздің үстіңізге арыз жазамын.
-Неге? Мен Сізге тақалғанымда жоқ,өз қайығымда отырмын.
-Менде де солай арыз жазуға негіздемелер бар-деген әйел иегімен нұсқапты
Әрі қарай

Ортаға бір қыз кірсе...

Коллектив кілең еркектер ғой бізде. Соңғы кезде көп боқтайтын болып кеткем. Кен орнында авария бола қалса, әмпай-жампайға уақыт жоқ, сөздік ашып, синоним, евфемизм, ұйқас қарап отыратын жай да жоқ, бірден нақ-перенақтан жібересің.
Бірен саран «горничныйлар» мен столовыйдың тәтешкілері болмаса, әйелдер аз. Кейде бір нәзік жынысты жұпар иісті қыз топырлап отырған жігіттер арасына кіре қалса, бүкіл атмосфера өзгеріп шыға келед. Сұлу болса, тіпті күлкілі жағдайлар болады.
Содан ғой айтатыны, «женщина на борту к беде» деп. Мәселе, әйелдерде емес, мәселе кейбір жігіттерде. Тек боқтығын тыйып, тақырыпты өзгертсе мейлі ғой. Бірақ кейде басының орнына тасы жұмыс істеп, бүкіл жұмысты артқа тартып, қаншама адамға қауіп төндіруі мүмкін.
Тым жақсы әңгіме айтып отырып, емін-еркін, сондай табиғи болып отырып, ортаға қыз кіре қалғанда, бірден өзгеріп, сыланып-сипаланып, аяқ астынан тыйылып, иманды-инабатты, әлгі қыздың көзінше тек жақсы жағын көрсетіп, мәмөңке, жағымпаз боп, құбыла кететін, сасқалақтап не істеп, не қойғанын ұмытып дір-дір етіп кететін жігеттерге қарап, түсінбеймін. Сырттарынан жасырын камерамен түсіріп алса ғой, ортада қыз пайда болғанға дейінгі, және кейінгі әрекеттерін, сөйтіп өздеріне көрсетсе ғой, қаншалықты клоун болып отырғанын. Бәлкім, азайтар ма еді.

«Инстинкт» деген жақсы ғой, бірақ жауапты кездерде саналы салқындық таныта алсақ ғой.
Әрі қарай

Аралас неке қазаққа қауіпті ме?

Бүгін кішкентай ұлымды емханаға апарып кезекте біраз тұрып қалдық. Біздің алдымызда бір қазақ жігіті (қазаққа жартылай ғана ұқсайтын, тек орысшы сөйлейтін) мен славян текті келіншек балаларымен тұрды.


Әрі қарай

Түлкінің боғы…



Қолыма крем жағып, бетімді мақтамен сүртіп отырып бір көзіммен ТВ-дегі концертті екінші көзіммен алдымда жатқан газеттегі гороскопты қарап қоямын. Ертең үшін Суқұйғыштарға сәтті күн дейді. Ақша түсетін шығар. Сауда жасау үшін де ыңғайлы күн дейді. Дұрыс айтады ертең сумка алуға барамын. Тааааккк, ертең не кисем екен жұмысқа, блин дым киім жоқ киетін. Сумка алған кезде кофта да қарай салу керек. Ерланға звондап жіберейін, әйелі ақша алыпты ол да ертең шығатын шығар бутик аралауға. Тек алдындағыдай кешігіп келмесе екен. Блин кафеде 1 сағат бойы күтіп, трубкамен 1 кружка сыра ішіп тастаппын ғой өткен жолы. Айтпақшы етік алдым деп жатыр еді, менікіндей емес шығар деп сенгім келеді. Сондай болып шықса бітті онда Ерланмен достығымыз аяқталады. Әйелім телефон линиясын интернеттен босатар емес, әзірше киім үтіктеп тастайын. Сосын звондармын асықпай. Қоқысты да пакетке салып дайындап қояйын, таңертең шығарып тастар. Мен айтпасам өздігінен шығарып тастау деген жоқ қой. Тамақ жеуді де азайту керек сияқты, бүгін айнаға қарасам семірген сияқтымын. Әлде ақ футболка кигесін бе екен? Сағат он бір болыпты ұйықтау керек, мынау қазір тағы да секс сұрай бастайтын шығар өзім и так басым аурып тұрғанда. Өткен аптада ғана айналыстық емес пе?..
Әрі қарай