Аллаға мадақ! Маған бойдақтық өмірді жазбапты. Кезінде бір ағамыздың: «Осылай ұрық сасып жүре бересің бе, үйленсеңші ертерек!» — деген сөзі қатты тиіп, үйленуге бел байлаған болатынмын. Енді міне, жалғыз әйелімнен 5-ші баланы сүйіп отырмын. Шүкір деймін Аллаға!
Бұл біраз жыл бұрын әлгі әйелім 2-ші баланы туған кезде басталып кетті. Қазіргі қатындарды қорқытып туғызбасаң өздігінен туам демейді екен. «Енді тағы бесеу тумасаң, туғыш қатын алам!» — деп еркектерше қоқиланғаным есімде. "Өзім-ақ туам, қаншау керек?!" — дегені де есімде. Міне, содан бері үйдегі әйел қорықты ма, сыйлыды ма білмеймін, туып әлек — мен туғызып әлекпін.
Тоғыз жылда бесеу туып үлгерді. Жаман емес. Бүгінгісі 3,66 кг деп қуанып қояды. Сонымен біздікілер мынадай тәртіппен туылуда:
Абдулмәлик / ұл
Абдуррахман / ұл
Абдуссамад / ұл
Сәжида / қыз
Абдурраззақ / ұл
Енді, бойдақтықтың ащы дәмін татып жүрген, жастыққа басы тисе ұйықтай алмайтын, әр түні «авария» болып қала беретін, ұрық сасып жүрген бойдақтарға айтарым — ҮЙЛЕНІҢДЕР!
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сүйгіш және туғыш әйелге үйленіңдер» — дейді. Іске сәт енді, інілерім!
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымды жүрегімнің тұсына қойып, иіліп тәжім етемін.
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.
Шынында да қазіргі заманда әйел епті болып, жұмысқа да, балаға қарауға, үй тіршілігіне, күйеуінің бабын табуға үлгермесе, көштен қалып қояды. Бұл жағдайды тек әйел ғана түсінетін шығар. Ерінің ғана табысына қарап отырған әйел қазір кемде-кем. Тіпті отбасында өзі ғана табыс тауып отырғандар да бар. Ал балаларын жалғыз өзі ешкімнің көмегінсіз екі-үш жұмыс атқарып асырап отырған аналарымыз қаншама. Осының салдарынан біз осыгүні ана болу бақытын жоспарлауға мәжбүрміз. Әрине барлығына нарық заманы кінәлі деп қарап отыруға да болады. Бірақ бұл әсте олай емес. Бала күтіміндегі әйелдерге үкімет әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшалай көмек береді дегенде өте қуанғанбыз, төленген ақшалай көмек талай отбасына ана бала күтімінде болғанда бірталай көмек те болған. Бірақ биыл 6 ақпанда заңға өзгеріс енгізіліп, жалақысы 10 АЕК-тен артық табысы бар аналарға қаржылай көмек тек сол он айлық есептік көрсеткіштен ғана есептеліп, төленетін болыпты. Ал айырмашылығын жұмыс беруші төлейді деген, бірақ Еңбек кодексінде жұмыс берушінің ондай міндеті жазылмаған. Бұл жайт қыз-келіншектердің жиналып, әлеуметтік желілерде ұйымдасып, соңынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында қарсылық шарасын ұйымдастыруға әкелді. Сонда халық санын көбейтеміз деп ұрандап жүрген шенеуніктеріміз осы заңға өзгеріс енгізгенде не ойлады екен? Қайран болатынымыз, елден миллиардтап ақша ұрланып жатқанын көрмейтін ағаларымыз аналардың алатын ақшасын көріп қалып, оны өте көп деп есептепті. Ақылға сыймайтын нәрсе. Сондай біз неше түрлі форум, конференция, олимпиада өткізуге, демалыс кешендерін салуға ақшаны оңды-солды шашамыз да, баланы күтуге керекті қаражатты үнемдейді екенбіз. Салыққа келгенде қанша тапсаң да табысыңнын он пайызын алады, ал ақшалай көмекке келгенде алалайды екен. Әлсіз әйелге көмек берудің орнына, тағы сол байғұс әйелді жейді. Осыдан жиырма жыл бұрын қайта құру кезінде базар жағалап, беті үсіп, қолы күс-күс болып отбасын асыраған осы әйелдер емес пе еді. Неге біздің қоғам әйелді бағаламайды? Қолдап, қолпаштап отырудың орнына үнемі басып-жаншып отырады? Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп өмір сыйлайтын аналарымызға демеу көрсете алмаса не болғаны соншалық?
Бұл өзгеріске қарсы болған қыз-келіншектер онлайн петицияға қол қоюға шақырады. Мен де қосылдым. Мен наразымын. www.onlinepetition.kz/popravka2013/petition.html Сіз де өз болашағыңызға немқұрайлы болмасаңыз, қосылыңыз!
Негізгі кейіпкерлер өмірден алынған, әңгіменің көп бөлігі ойдан шығарылған. Тарихи факт емес, әңгіме ретінде қабылдаңыздар.
Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың Құрметіне!
Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін.
-Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме?
-Көрген жоқпыз.
Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген-ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі.
Отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай болмайды дейміз, дегенмен елімізде көп себептен ыдыс-аяқ сылдырының арты ауыр соққы мен тіпті өлімге, немесе әлімжеттік көрсеткенді өлтіруге дейін әкеліп жатыр.
Статистикаға сүйенсек қасақана жасалатын адам өліміне қатысты қылмыстың 30%-ын туыстар жасайды екен, ал жыл сайын 500-ге жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады екен. Әрбір үшінші отбасында әйел зорлық-зомбылық көреді.
Қытайлар да Негірлерден қорқады немесе Негірлер Америка елдерін басуда
Қытайлардың айтуынша: Негірлердің ғұмыры қысқа, орташа 45 жас. Ақыл қуаты төмен, Шімпанзенікі 18, Негірдікі 60, Сары нәсілділердікі 100, ақ нәсілділердікі105. 3 Негірдің бірінің түрмеге түскен кешірмесі бар, торт еркегінің бірінің басқыншылық жасаған кешірмесі болады. Көбею қуаты отежоғары жане нәсілдік жеңымпаздығы тағы бар. 16 ақ насілдінің қаны бір Ннегірді әрең жеңеді. Қытайда қазір 3 миллион Негір бар, 2009-жылы 700 мың болса, тек Гуаңжоудың өзінде 300 мың Негір бар, осылай көбейсе 2030-жылы 15 миллион,2050-жылы 50 миллион, тағы араласпасымен 100 миллионға жетеді,әрине араласпаның бәрі негірге есеп. осылайша 22-ғасырда Қытайды басып болады. бұл заманда әмерикәлің баяғыда негірге айналып болады, ақыр заман таяғанда қара қытай қаптайдының кері болады.
Негірлердің көз аясы тар, жігіттерінің армандары тек ғана ақ тәнді қызбен үйлену. АҚШ-та 33% Негір ерлері Негір әйелмен үйленбейді, негзінен ақ тәнді әйелдерді алады, 33% Негір қыздар бос қалады, әр бір 13 ақ нәсіді қыздың бірін негір алады, бұл үрдыс барған сайын оршуде, миллиондған ақ қыздарды талан -таражға ұшыратуда.
Біздің де бір сенаторымыздың әдемі қызы Африканың жабайы негіріне тұрмысқа шыққанын Астаналықтар жиіркене айтып жүр.