Монолог

Одиночество сука!Дәл қазір өзімді өте жалғыз сезініп отырмын. Достарым да баршылық және Алматы деген қалада миллионнан астам тұрғын күн кешіп жатса да, мен жалғызбын. Айналамда ешкім жоқ сияқты.

Тәтті сырымды бөлісетін, жанымды жадыратып, түнерген көңілімді сергітер жан мұңдасым болса ғой деп армандап отырмын
Ұялы телефонымның жансыз, суық бетінен әлдебір мейірдің смс-ұшқынын көрсем деген үмітпен ауық-ауық үңіле беремін.
«Ол» тіпті хабарласпай кетті. Жан жылуының жетіспеуінен организмімнің шаршауына да қарамастан, көзім талығып ұйқым да келмейді ғой. Оның хабарласпайтынына көзім жеткен сайын көңілім онан сайын құлази түседі. Осы сәттердегі жанымның жабыраңқы күйі — сұр бұлт аспанды торлап алып, сары жапырақтар адамдардың табанына кірлей тапталып жатқан, қабағы салыңқы жадау тартқан күздің бейнесіндей. Яғни, мен — жадау күз, сұрықсыз күз.
Жанымдағы құрбымның жүзі бақыттан бал-бұл жайнап, әлеуметтік желіде «сүйгенімен» хат-хабар алысып жатыр. Ара-тұра ризалықтан жымиып қояды. Қызығып қарап қоямын. Сүйгеніне жанталаса сытыр-сытыр еткізе, саусақтары саусақтарымен жымдаспай, ерекше бір пәрменділікпен хат алмасуда.
Ал мен жылы болса да жылуы жоқ төсегімнің үстінде манағы қалпымда әлі отырмын. Әлі, ұзақ отырармын, бәлки…
Күздің күні суық және түні де…
Әрі қарай