Әр қаланың тойы басқа: Шымкент VS Ақтау

Қазақтар мен Адайлардың тойын салыстырып көргім келді десең, ә
Шымкент пен Ақтауды таңдауыма еш себеп болған жоқ

Тұрсынбек Қабатов, асаба
— Тойдың қалай өтетіні елге, мекенге емес, тойды өткізіп жатырған әулетке байланысты. Ал, тойдың басталуы, өтуі еліміздің қай өңірі болса да бірдей боп кетті ғой. Негізі тойдың тізгінін ұстайтын асаба ғой, тойдағы халықтың көңіл-күйіне бағыт беріп отыратын да сол. Халық санынан аса айырмашылық көрмедім: Ақтаудан да, Шымкенттен де 500 адамдық той көрдім.

Нұржан Төлендиев, асаба
— Шымкент пен Ақтаудың тойында аса бір жер мен көктей ерекшелік жоқ. Шымкентте той қысқа болады, Ақтауда ұзақтау болады. Шымкентте кеш басталып, ерте бітеді; Ақтауда уақтылы басталып, кеш аяқталады. Шымкентте антракт деген мүлде болмайды, Ақтауда кейде болады, кейде болмайды. Шымкенттің тойында ең аз деген 300 адам болса, Ақтауда ең көп деген 300 адам шығар.

Абай Бегей, әнші (хит әні — Аспанға қараймын)
— Шымкенттің тойы басталғанда адам тола болады да, аяқталуға шақ қалғанда адам қалмайды. Сыйлықтарын береді де, қайтып кете береді. Ақтаудың тойына келген қонақтардың 90 пайызы аяқталғанша отырады. Шымкенттің адамдары би жағын қатырады. Шымкенттің халқы суретке түскенді жақсы көреді, менімен сол жақта көп түседі суретке.

Асхат Тарғынов, әнші (хит әні — Мария Магдалена)
— Мен әлі Шымкенттің тойында болмадым, жақында барамын. Ақтаудың тойында ән айттым, онда маған тойдың тым қазақи өтетіні ұнады. Тіпті тойда кездескен 5-6 орыстың өзі қазақша сөйлеп, қазақша тост айтып жүреді. Қазақы салт-дәстүрді сақтаған аймақ екен, тойда жақсы байқалды. Ұнады.
Шымкенттің тойы | Ақтаудың тойы |
---|---|
![]() Тойға дайындық![]() Сырға салу | ![]() Тойға дайындық![]() Сырға салу немесе үкі тағу |