Мейрамдарыңызбен құрметті жігттер!

Мейрамдарыңызбен құрметті жігіттер қауымы! Сіздерге зор денсалық тілеймін! Еліміздің адал қорғандары мен адал азаматтары болып жүре беріңіздер! Қыздарды әрқашан қолдарыңызда аялап ұстай беріңіздер!

Дегенмен мейрамды 7- мамырға ауыстырғаныменде біздің жұмыста бәрі 23- күні тойлағанды жақсы көреді. Себебі біз советтер одағында туылғанбыз, сол кезде служить еткенбіз дейді бәрі. Соныменде бізде сол кезде туылғанбыз ғой сондықтанда құттықтап қояйын сіздерді.
Әрі қарай

Әлемнің анасы - еркек;)


Жергілікті арналарда көрсетілетін "Құттықтау" бағдарламалары — сол арнаның жеп отырған наны десек те болады. Кейде еріккенде оларға да бір көз тігіп қоятынымды жасырмаймын. Ех, мерейгерлер қатарында кім жоқ десеңші?! Бір жасқа толған балаларын құттықтап жатады ғой жұрт..Құдайым-ау, олар не түсінеді? Тіпті, өзіне төніп тұрған көк шабадандағы суреттегі баланың өзі екенін де білмейді ғой ол. Үш суретті үш минуттық бейнебаянның үстінен жылт еткізгендері үшін сол арнаға 3,5 мың теңгелерін тастайды. Міне, ысырапшылдық қайда жатыр? Өткен жолы осындай бір хабарды қарап отырғам. 25 жасқа толған бір жігітті туыстары құттықтапты. Тым-тәуір тілек жолданып, кезек әнге берілді. Ішім-ай,ішім…
— "Өскенде кім боласың?"
— «Чемпион боламын»,-дегізіп, «Жігіттердің» «Туған күн» әнін жіберді...25 жастағы дардай жігітке «балапандатып» ән арнаған тіптен қызық екен?! Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің… Тағы бірде мындай қызыққа куә болдым. Экранның бір бұрышында «Бәленше Түгеншеұлын 50 жасымен құттықтаймыз!» деген жазу тұр. Ал, экранда Қарақат әпкеміз: «Мен әйелмін — әлемнің анасымын!» деп сайра-а-а-п тұр. Қай бетімді шымшырымды білмедім…
Әрі қарай