Бәйге: "Мен көрген блогкемп: Құрылтай - 2013": Қорытынды!

Сөре: Ақ жалау төмен қарай лап етті…
Кетті!
Дүбір!
Қалың шаң!
Үздік-создық…
Дара!
Мәре!
Бір аптаға созылған «Мен көрген блогкемп: Құрылтай — 2013» байқауы мәреге жетті!
Алғыс, баршаңызға: пост жазып еңбектенгендерге, қатысып ниет еткендерге, қатысушыларды көтермелеп, қиқу қосып, дем бергендерге…
Қазылар алқасының шешімі шықты. Жеңімпаздардың есімі белгілі.
Әрі қарай

Құрылтай - 2013: Таң қылған Шымкент

Сөйтіп…
Қазақы нетті бір сілкіндірген, дүр сілкіндірген блогкемп өтті…
Құрылтай жылнамасына, қазақы нет тарихына «Шымкент құрылтайы» деген атпен енген құрылтай таңырқау, таңғалу мен сүйсіну сәттеріне толы болды…
Әрі қарай

Блогқұрылтай 2013 бағдарламасы



Ассалаумағалейкүм!

Наурыздың 23-24 наурызында өтетін «Блогқұрылтай 2013. Шымкент» шарасының бағдарламасы (қаралай нұсқа):


БЛОГҚҰРЫЛТАЙ 2013
Бағдарлама

1-күн
(М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті.
2-мәжіліс залы)

9.00. – Тіркелу
10.00-10.30 – Ашылуы, пресс конференция
10.30-11.30 – 1-сессия
11.30-12.00 – кофе брейк
12.00-13.00 – 2-сессия
13.00-14.00 – түскі ас
14.00-15.30 – 3-сессия
15.30-16.00 – кофе брейк
Әрі қарай

Ұсыныс (Блогкэмп-2013)

Құрылтай-2012 де аяқталды. Кеше соңғы қонақтармен қимай-қимай қоштастық.
..Құрылтай аяқталған соң Көкбөрімен билайнның зонтигін ұстап суретке түсіп тұрғанбыз… Алдекең өтіп бара жатып: "-Ұрсысып-ұрсысып алып зонтиктің астында суретке түсіп жатыр мыналар.." деп бір қағытып өтті. Көкбөрінің құрылтайды Атырауда жасайық деген ұсынысына мен Шымкентте жасаймыз деп сәл сөзге келгенімізді айтқаны ғой…
Менің ойымша блогшылардың, керекшілердің қасиеті осында. Ар жақтағы сөздер мына жақта жүрмейді. Бір-біріне еш артық ойы жоқ (одан артығын айтайын 3-күн бойы Көкбөрімен бір шаңырақ астында жаттық. уот так-то). Құрылтай керемет өтті. Өзіме ұнады. Алайда Гаста, Абзал, Салта, Әбіләкімдердің жоқ болғанына, олармен жақынырақ араласа алмағаныма өкіндім. Келесі жылы міндетті түрде келеді деген ойдамын. Гастаның келуі үшін вахтасы болмайтын күнге ауыстыруға ұсыныс та айтамын
В обшым, сентимент бітті. Енді тірлікті айтайық.
ҰСЫНЫС: КЕЛЕСІ ҚҰРЫЛТАЙ ШЫМКЕНТТЕ ӨТСІН.
Бағдарлама жобасы:
көз алдарыңызға елестетіңіздер: 1-мамыр. Таудағы лагерьлер. Блогшылар.
Шымкентке таяу маңда (20-30 шақырым) лагерьлер бар. Мысалы, «Тау самалы». 7-8 корпусы бар. Әр корпусқа 30-40 адам сияды. Медпункт, Асхана, темекі-пемекі сататын апай в обшым барлық жағдай жасалған. Таза ауа, өзен, тау. және… тыныштық. Машиналардың шуынан шаршаған шығарсыздар. Әрі ыстық аудитория да емес презентациялар ашық аспан астында өтеді. сосын әрине Шымкенттік палау, шашлық, қалағандары шымкенттің салқын сырасынан да көруге болады
1-күн. 3-4 автобус 11-лерде шығамыз қаладан (негізі 9-да деп айтылад, бірақ қазақпыз ғой, екі сағат обизательно кешігіп шығамыз).
12-лерде жетеміз. Жарты сағат кімнің қай корпусқа баратынын, тауда өзін қалай ұстау керектігін, қауіпсіздік туралы… в обшым әңгіме болад… и жайғасу
13.00. обед.
14.00-18.00 — ашылу. танысу. кофе брейк (мүмкін баспасөз мәслихатын өткізіп жіберерміз. в общем доработка керек.
18.00-19.00 ужин. сәндену, әтір себу, галстук туралау т.б.
19.00-21.00 дискотека.

2-күн.8.30.-9.00 жуыну, зарядка (Қисық үйретед )
9.00-10.00 заптрак.
10.30-13.00 — алаңқайлардағы презентациялар.
13.00-14.00 — обед
14.00-15.00 — спорттық киімдер кию.
15.00-кешке дин тауға дитіндер тауға, доп тебетіндер алаңқайға (айтпақшы «Тау самалында» өз алаңы бар, бассейн бар), суға түсетіндер суға.
арасында ужин.
21.00.-жатқанша — от жағееееппп, гитара тартееееппп отрамыз.

3-күн.
8.30.-9.00 жуыну, зарядка (Қисық үйретед )
9.00-10.00 заптрак.
10.30-13.00 — алаңқайлардағы презентациялар.
13.00-14.00 обед.
15.00-17.00 жабылу, қоштасу т.б.
17.00 қайту.

ескерту: столобай күні түні жұмыс истид.
доработка әлі де керек. «Тау самалы» емес, басқа лагерь боп қалу мүмкін.
БҰЛ ӘЛІ ЖОБА КҮЙІНДЕ. СОНДЫҚТАН НАҚТЫ ШЕШІЛГЕН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ.

ЕГЕР ҰНАСА, ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАУДЫ ХОШ КӨРСЕҢІЗДЕР ОНДА ЕРТЕРЕК ҚИМЫЛДАУ КЕРЕК.
биыл жаңа жылдан кин басталды дайындық. келесі жылды күзден бастап кету керек. сентябь-октябрьде уже біраз нәрсе шешіліп қалу керек. сондықтан АСЫҒАЙЫҚ АҒАЙЫН.
Әрі қарай