Тағы бір індет
Бағана сабақтан шығып, «Береке» сауда орталығына барып едім құрбыммен. Кенет топталып жиналып алған ағайларды көріп қалдық. Істің бетін ашу үшін сәл жақындадық. Сөйтсек, ағатайларымыз құмар ойынының құлдары екен. Өзіміз де сол ойынға қызығушылық танытқандай кейіп танытып қарап тұрдық.Кенеттен бір ағай: Ол банкоматта ақша жоқ. Мынаған салып ойнаңдар" деп бізді екінші банкоматқа алып келді. Ол кісі қалай ойнауға болатынын бізге көрсетіп берді. «Бұл жерге тек 500 теңгеден бастап ақша сала аласыздар» деп қояды. Өзі күнде осы ойынды ойнамасам жүре алмаймын деп бізге ағынан жарылды. 80 000 теңгеге дейін ұтылғанын айтып берді. Азартқа кіріп ойнайтынын, бізге бұған жоламай-ақ қойыңдар деп кеңесін де берді." Мен бір кіргеннен шыға алар емеспін" дейді. Кенет тағы бір бейтаныс ер кісі қосылды. Кейін самайына ақ түскен қазақтың қарапайым анасы қосылды. Солай адам саны көбейе берді. Біреуі ұтып жатса, екіншісі қомақты қаражаттарынан айырыла бастады. Бір қызығы банкоматтың сыртында 21 жасқа дейін балаларға қолдануға болмайды деген жазуы бар екен. Бірақ, мектеп оқушылары да студеттер де осы ойынға құмар болып, ойнай бастады. Қалталарындағы қалған ұялы телефондарын сатып, ақша жасаудың амалын қалай да табу жоддарын іздестірген жас балалармен де жолығысып қалдық. Бақылап, қарап жүрген ешкім жоқ. Банкомат сыртында жазылған сенім телефонына хабарласып едік «бізге рұқсат берілген, заңды түрде» деп тіл қатты. Әрине, заңды болса да қазақ қоғамының ортасына тағы бір індеттің қосылғаны шүбәсіз, анық!
Әрі қарай