Құлазу

Блог - aru: Құлазу
Сізде де болады ғой мұндай жағдай, иә? Күні бойы айналаңыздағыларға өтірік күліп жүресіз де, үйге келе сала, төсекте өксіп жатасыз. Менде дәл қазір сондай күй…
Әрі қарай

Бос қалбыр өмір

Айналамда ешкім жоқ. Өлі тыныштық. Сөйлесерге адам табылсашы. Ішімдегіні ақтарып-ақ тастағым келіп отыр. Әттең, тірі жан жоқ жанымда…
Бары бар ғой. Бірақ оларды жоқтай сезініп отырмын. Неге екенін өзім де түсіне алар емеспін. Қаңғырлаған бос қалбырдай күй кешіп отырмын. Біреулер бірдеңе сұрайды, құлықсыз жауап беремін. Ешкіммен тілдесуге ынтам жоқ. Әйтеуір бәрі жай өткінші тірлік сияқты. Бүгінге дейін жайдары сөйлесіп жүрген жандарға неге бұлай қарап қалдым екен? Өзі осылай болады кейде. Құлазу ма екен… Бірақ, нені аңсаймын соншалық? Осы сұраққа жауап таппай маза кетті. Қайғы-мұңсыз бала күнімді ме? Әлде сейілмен өткен студенттік шақтар ма екен сағындырған? Бәлкім, жай ғана ата-анам бәріміз бірге болған күндер болар ойға оралған? Не де болса шешімі қиын сұрақтар.
Қойшы өзі! Бос қалбырдан да дыбыс шығады. Мен де тірлігімді жалғастырайын. Жауабы уақыт өте келе жатар. Не жағдай екенін білетін жан болса айтсын. Тыңдап көрейік…
Әрі қарай