ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ


Жастар қашанда елдің басты күші болып саналған. Олар ел саясатына белсенді араласуы керек, ел экономикасына қызығушылық танытуы тиіс. Осы мақсатта 2003 жылы құрылған Жастар Парламенті бүгінгі күнге дейін өз қызметін жүйелі түрде атқаруда. Аталмыш ұйым Қазақстан Республикасы Парламентінде практикадан өтетін жас студенттердің осы ісін ары қарай жалғастыру мақсатында құрылған. Яғни, Жастар Парламентінің мойнына артылған жүк, ҚР Парламентінікінен кем емес. Құрамы Төраға, Спикер, Аппарат жетекшісі, сонымен қатар олардың кеңесшілері мен орынбасарларынан құрылған топ, бірнеше шаралар мен айтулы істерді де атқарып үлгерді. Ең алғаш Жастар мәслихаттарына сайланғандардың 64 пайызы — ерлер, 8 пайызы -жұмысшы жастар, 14 пайызы-ауыл жастары, 41 пайызы-жастар ұйымдарының өкiлдерi болған.
Жалпы Жастар Парламенті немен айналысады? Жастар Парламенті елімізде қабылданып жатқан заңдарға араласуға, сол жайында өз пікірін білдіруге, оны талқылауға құқылы. Мәселен, ҚР Парламентінің талқылауға берген заңдарының арасында «Жастар саясаты туралы», «Тауар биржасы туралы» заң жобаларын және т.б. атап айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, Жастар Парламенті –еліміздегі бүкіл жастардың ойын, көзқарасын, қалауын, ұсынысын билікке жеткізуші ұйым. Ол Қазақстан жастарының заң шығаруға араласуына тікелей жол ашады. Сондай-ақ, бұл ұйым қайырымдылықпен айналысады, жыл сайын еліміздегі өзгеде студенттік ұйымдармен дөңгелек үстел, конференциялар өткізіп тұрады.
Бұл ұйымға кез келген 18 жас пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматы мүше (депутат) бола алады. Жастар Парламенті Депутатын сайлауда оның жеке сипаты, яғни жынысы, ұлты, діні т.б маңызды фактор болып табылмайды.
Әрі қарай