Қорқақ хоккей ойнамаса да, қарайды немесе айна қайда? ))


Алдында айтып кеткендей, хоккейге бардық. Біздікілер Оңт.Корей құрама командасын ойсырата ұтты: 11-0. Бір жағынан екінші сүйікті елімді аяп кеттім. Әсіресе, өз туларын құшақтап келген жанкүйерлерді.
Біздің шайбалы хоккейден қыздар құрамасы жайлы, жалпы хоккей жайлы мәліметім аз еді, біраз да болсын ақпарат білісіп қалдым. Хоккейде әр ойын бөлімі – период деп аталады екен. Бір матчта 20 минуттан 3 период болады. Арасында 10 минуттай үзіліс. Хоккейде әдетте «Шайбу!» деп айқайлайтын көрген шығарсыздар. Міне, гол соқ дегенге «Шайбу!» деп айқайладық, оған қоса «Қазақстан!», «Алға, Қазақстан!», сонымен қатар 2 рет гол салған қазақ (то ли татар) қызы Зарина Тухтиеваның есімін қайталаумен болдық. Еліміздің шайбалы хоккейден қыздар құрамасы әлем бойынша 8 орынды, ал Азияда 2-орынға ие екен. Бастамасы жаман емес, бәлкім біріншілікке де жетіп қалар.

Стадион толы болды. Бірақ оң жақ сектор толығымен баннермен жабық тұрды. Интернетте бұл жабылу салтанатына орайластырған шара дегенді оқып қалдым. Оны енді көре жатармыз. Бала-шағасымен келген отбасылар да көп болды. Репортерлер мен фотографтар кішкентай жанкүйерлерді таспаға түсірумен әлек. Артымызда балалар «Шайбу!» деп айқайлағандары да құлаққа жағымды, көңілді көтеріп отырды. )
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына екінші рет баруым. 10 жыл бұрын бір концертке барып едім, сонда жағдайы онша мәз емес еді. Осы жолы толықтай жөндеуден өтіп, іші жарқырап тұр. Алайда дәретханада бірде-бір айна жоқ. Осы мәселе мені толғандырды. Қалайша қыздар дәретханасында айна жоқ? ))

Мақала сілтемесі: http://akzere.dosym.kz/?p=1229
Әрі қарай