Қыздар неге сұрқиясыңдар?!
Дәл қазір менің қыздарға деген өшпенділігім, өкпем қара қазандай болып қайнап тұр. Неге дерің бар ма? Сол. Себебі мен ұл достарымнан күннен күнге айырылып, қол үзіп бара жатқандаймын. Олар үйленеді, немесе бір шүйкебаспен махаббат құру кезеңін басынан өткере бастағанда-ақ менімен араласуларын біртіндеп тия бастайды. Тіпті болмағасын олардың өзінен тікелей сұрап көріп едім, пақырлардың жауабы мынадай болды: «сол, сенімен араласқанымды ол қаламады..»-деп басын төмен салбыратып тұрғаны. Мен соны бір «сүртейін» деп тұрғанымдай-ақ!
Кей-кейде достарыммен жиналып қалғанда қасында ырбиып, өтірік момақансып, монтансып тұрған қызының әр әрекет-қимылынан, көзінен маған ғана байқалатын ерекше зымияндылық пен сайқалдықты көремін. Көремін де өз-өзімнен безініп, қыз болып туғаныма өкініп бас ауған жаққа қашып кеткім келеді. «Қыздар неге осынша сұрқия болды екен?!» деп жауабын таппай, әлек боламын.
Әй, қыздар-ай… мені сырлас, мұңдас, бір тілек, бір жүрек достарымнан айырмаңдаршы…
Әрі қарай