Баяғы бірінші сәуірлер...

Баяғыда бала кезімде осы бірінші сәуірді жаңа жылдан да асыға күтетінмін. Үйдегілерді, өзіммен бірге ойнайтын көрші балаларды алдауға асығатынмын. Қатырып алдадым ба, алдамадым ба ол жағы есімде жоқ. Тек, сол кездерде күннің жылы болатындығы. Біздің Қарағанды өңірінде көктемнің кешіректеу шығуы заңдылық дей тұрғанмен сол кездерде дәл осындай көшеде қар жатып немесе балаққа батпақ жабысып жататын кездер сирек секілдітін.
Биыл қоян жылы ғой.Қазақтар ежелден мешін жылы мен қоян жылынан сақтанатын болған. Үлкендер «көк қоян» деп отыратын. Ежелден келе жатқан ырым бойынша 14-ші наурыз күні таңертеңгілің қарға қойған құмалағыңыз түс ауа, кешкілі қар түбіне кетіп қалса көктем ерте шығады деп болжалған екен.
Ауылдағы бір ағамыз" Қарға құмалақ түгілі мен батқан жоқпыын, қыс ұзақ болады" деп жүр еді. Сол сөзшындыққа айналды ма деймін…
Әрі қарай

Аптобуста))

Таң атпай сағат 10да тұрып қалаға шықпақшы болғанмын. Аптобусқа мініп артына жайғасқаным сол еді, 3-4 қыз келіп жаныма отырды. Сөздерінен ауылдан келгендері корініп тұр. Бәрімізде ауылдан келдік қой, айтпағым ауыл-қала мәселесі емес))
Айтқан сөздері қызық екен. Сонымен әңгіме мынадай:
— Көшенің бәріне неге барыстын суретін іліп тастаған?
— Биыл барыс жылы ғой!
— Қайдағы, қоян жылы емес пе?
— Жооқ, барыс азиада символы!(жаңалықтан хабары бар адам секілді))
— Е ол аю болушы еді ғой, қоңыр аю! Неғып барыс қойып қойған?!

Пы-сы: Мейлің жыла, мейлің күл!!!
Әрі қарай