Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы
Футбол әлемінде ғана емес жалпы спорт әлемінде өте үлкен табыс пен жетістіктерге жеткен екі «аңыз» тұлға бар. Және бұл екі спортшы көп заттар бойынша бір-біріне өте қарама қайшы келеді (ол әрине олардың клубтары мен ұлттық құрамаларын ескермегенде). Мен сөз қозғағым келіп отырған екі спортшы ол Месси мен Роналду.

Месси мен Роналдудың ең бірінші ерекшелігі табысқа жету жолы. Адамдар арасында еңбек пен талант арасында үлкен даулар жүреді. Бірақ бұл футболшылар оның екеуімен де табысқа жетуге болатының дәлелдеді. Месси өзінің талантын сәтті пайдаланып ең үздік бола алса, ал Роналду өте үлкен еңбек арқылы көптеген жетістікке жете алды.
Келесі ерекшелік бұл адами қасиеттері. Месси өте қарапайым, әлеуметтік желілерде белсенді емес және стиль мәселесіне қатты бас қатырмаса Роналду бұл заттарда қарама қайшы позицияда байқалады. Махаббатқа тұрақтылық бойынша Месси өзінінің бала күндегі махаббатымен әлі күнге бірге болса Роналдудың тұрақтылығы жайлы өте көп әңгіме бар. Бұл заттарға көңіл бөлген себебім кез келген табысты адамадар арасында бұл екі типтағы адамдар жиі кездеседі.
Келесі Месси командалық мүддені жоғары қоятын болса Роналду өзінің жетістігін жоғарырақ қоятыны мәлім. Сонымен қоса адамдардың табысқа жетуіне екі үлкен кедергі болады ол әлеуметтік және отбасылық жағдай немесе денсаулық. Бұл екі заттың бірі Роналдуда болды, ол ерте жастан әкесінен айырылып қиын әлеуметтік жағдайда өмір сүрседе сынбай табысқа жете алды, ал Месси туғаннан денсаулығында үлкен кінараттар байқалған тіпті дәрігерлер оның футболшы болуына күмәнмен қараған, дегенмен бұны жеңіп шыққанын жақсы білеміз.
Жоғарыда келтірілген мысалдарды қарай отырып екеуінің өте қарама қайшы адамдар екенің көре аламыз. Ал басты ұқсастықтары Месси мен Роналдудың тарихтағы ең үздік футболшылар, көптеген рекордтармен жүлделердің иегері екендігі.

Бұл пост арқылы айтайын дегенім табысқа жетудің стандарттары болмайды. Яғни сен талантты бол немесе болма, адал бол немесе болма, өміріңде мәселелер көп болсын, командаға жұмыс істе немесе жеке бол бәрібір. Ең бастысы дұрыс мақсат қоя білсең және сол жолда күресе білсең болды қалғанының бәрі маңызды емес. Сәттілік!!!

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Табыс стандарттары немесе Месси мен Роналду мысалы
Әрі қарай

Алтын ордам - Балқашым!


Өзімнің туып өскен жерім, қасиетті мекенім Балқаш қаласы жайлы ой-өрбітейін деп отырмын. Қарағанды облысынан 380 км шақырымда орналасқан. Ең алғаш 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Кейін 1937 жылдан бастап Балқаш қаласы деген статусқа өзгертілді.
Балқаш қаласы несімен ерекшеленеді? Әрине, ең алдымен көз алдымызға мөлдір-таза көлі елестейді.Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Орташа тереңдігі 5,8 метр, ең терең жері 26 м. Батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу өзендері құяды. Жаз айында еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті Ресейден, Қытайдан туристер келіп демалады. Қаламыз мұнысымен ғана шектелмейді. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Оңтүстік-шығысында 60 км жерде Әулиетау деп аталатын тау желісі бар. Бірақ қала тұрғындары «Бектау ата» деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Таудың шыңы 1000 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы 4000 га, оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Бектау ата тауының күн батыс жағында "Әулие" деп саналатын үңгір бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 45-48 метрге дейін жетеді. Суы мөлдір, таза, өте салқын және түбі лай болып келеді. Кезінде Бектау ата үңгіріне ауру адамдар, бала көтере алмайтын әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, Құдайдан тілеген тілектерінің орындалуын сұрайтын қасиетті орын болған. Ал, қазіргі уақытта бұл жан-жақтан келетін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы болып қалыптасты. Және де мұнда балалар демалатын жазғы лагерлер жұмыс істейді. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Сонымен қатар, шаһарымызда «Балқаш кен-металлургия» комбинаты бар. Мұнда алтын, күміс, платина және т.б. түсті металдар шығарылады. 1997 жылдан бастап "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кірді. Аймақтан мыс кенін шығаратын 4 кеніш жұмыс істейді. Олар: Қоңырат, Саяқ-1,2,3. Бұлардан басты пайдалы компонент — мыс, молибден, алтын өндіреді.
Қаламызда 20 шақты білім ордасы, денсаулық сақтау орталығы, кітапханалар, мұражайлар және де жастарымыз бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған "Өнер мектебі", «Спорт кешені», «Оқушылар сарайы», бассейндер бар. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Ал, орталық алаңында Ағыбай батыр ескерткіші орналасқан, сонымен қатар Мұхтар Мағауин атындағы мәдениет сарайы бар. Қаламызды қай жағынан алып қарасаң да мақтауға тұрарлық. Бірақ, ең басты деп саналатын киелі жерлері туралы жаздым. Оқып отырғанның өзінде көз алдыңызға бейнесі елестейтіні хақ. Қаламыз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Еліміздің үлкен бір алып қаласына айналатына сенемін.

Қайдан білсін...?

Жылы төсекте ұйықтаған адам,
Жаурағанның мұңын қайдан білсін?
Қарыны тоқ, киімі көк адам,
Аш, жалаңашты мұңын қайдан білсін?

Қолда бар да алтынның,
Жоғалтпай тұрып қайдан білсін?
Жезөкшеге жүгірген жүгермек,
Өз әйелінің қадірін қайдан білсін?

Арғымақтың қадірін,
Лексус мінген қайдан білсін?
Жүз теңгенің қадірін,
Миллиард ұстаған қайдан білсін?

Сайлаушының қадірін,
Сайланып болған қайдан білсін?
Мына халықтың қадірін,
Депутат ағам қайдан білсін?

45 мың теңге айлықтың қадірін,
150 мың айлығы бар бастық қайдан білсін?
Мына өмірдің қадірін,
Өлгендер енді қайдан білсін?

Осылай жазып отырғанымды,
Үйдегі әйелім қайдан білсін?
Интернет жайлаған заманда,
Интернетсіз отырған қайдан білсін?

Не нәрсенің болса да қадірін ұғына білейік. Асып-төкпейік, шашып бітпейік… Былтырғы шашылып жиналмай қалған астықтың қадірін, биылғы қуаңшылықта білетін шығармыз, бұдан былай қамбаға астық симай қалды деп байбалам салуды қойып, астық жинайтын қамымызды жасайық…
Әрі қарай

Қазіргі қазақ жігітінің портреті

Еліміздің тізгінін ұстап тұрған ерлер. Оны Құдай әйелден артық етіп жаратты және берген барлық несібесі үшін жауапкершілік артты. Олар біздің қорғанымыз, сенеріміз, үміт арқанымыз. Сіздің достарыңыздың, әріптестеріңіздің, тумаларыңыздың арасында қайсысы көбірек? Қазіргі қазақ жігітінің дені қандай? Сонымен,…
Жігіттің сұлтаны. Ол жан-жақты. Техникадан да, саясаттан да, мәдениет, әдебиет, тарихтан да, діннен де хабары бар. Кез келген тақырыпта орысша да, қазақша да әңгіме өрбіте алады. Әдетте кем дегенде бір шет тілін меңгерген. Міндетті түрде әр құбылысқа өзінің көзқарасы болады.
Еңбекқор. Ес білгелі өзінің қажеттеріне жарайтын табыс көзін таба біледі.
Ибалы. Ата-анасын асырайды, жалпы қарттарды сыйлайды. Әрқашан олардың көңілінен шығуға тырысады.
Талапкер. Өзіне әрдайым сын көзбен қарайды. Қандай мамандық иесі болса да өз шеберлігін үнемі шыңдау үстінде болады. Міндетті түрде негізгі кәсібінен бөлек жақсы көретін ісі болады. Қазіргі тілмен айтқанда «хобби». Сегіз қырлы, бір сырлы.
Әр сөзіне, әр ісіне жауап бере алады. Әйел затын қадірлей біледі. Жарына, анасына үнемі көмектесуге тырысады және оны жырлап мақтанбайды. Үш жылдық азығы дайын. Оның отбасы жақын болашағына алаңдамайды. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайды. Отбасын өзі асырап, әйеліне жүк артпайды, және оның бәрін міндетсінбейді.
Тырысқыш. Алдына мақсат қойып, соған жете біледі. Он рет жығылса да, еңсесін түсірмей, ақырында ойлағанын орындайды.
Сабырлы, ұстамды. Қиын жағдай туа қалса өзі шешім тауып, тығырықтан шығады.
Арақ ішпейді, темекі шекпейді. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Намысшыл. Халқы, елі, жері үшін қасық қаны қалғанша күресуге дайын.
Мұндай жігіттің досы, ата-анасы, бауырлары, ең әуелі жары бақытты, арманы жоқ деп есептеймін.

Мігіт. Орыс тілді болса, жалпы өз ұлтының қандай болса да белгілерін менсінбейді, тіпті жек көреді десе де болады. Орысша сөйлейді, бірақ сауатсыз. Қазақтілді болса, қазақтан өзгені жек көреді, бірақ қазақша бір шумақ өлеңді де жатқа білмейді. Өзге ешқандай ұлтты менсінбейді. Сөздік қорында көп болса жүз сөз. Оның елу пайызы боқтық сөз. Өз көзқарасы болмайды. БАҚ я болмаса біреудің айтқан сөзімен сөйлейді.
Жалқау. Жұмыс істегенін міндетсінеді. Мұндай жігіт әйелін үйде отырғызбайды. Өйткені ол айналасындағылырдың бәрімен санасып отырады. Бірақ өзі жұмыссыз қалса, әке-шешесінің, әйелінің мойнында отыруға намыстанбайды.Таңертеңнен кешке дейін әйелі, я болмаса ата-анасы жұмсамаса, ештеңе істемей жата береді. Ал жұмсаған жағдайда, бұлқан-талқан болып, оның өзінде істі аяғына дейін тындыра алмайды. Содан соң шала істеген шаруасын он жыл жырлайды мақтанып.
Ата-анасын сыйламайды. Оны дүниеге әкеліп, өсіргеніне рахмет айтудың орнына оларды боқтан өзгеге кінәлайды. Тіпті әйелінің көзінше де оларды боқтап алуға ұялмайды. Қоғамдық көлікте қасында қарт тұрса да, іші шермиіп аяғы ауыр әйел тұрса да көрмегендей отыра береді.
Тоқмейілсіп жүре береді. Уақытын теледидар мен интернетке жұмсайды. Компьютерде білетіні тек ойын мен әлеуметтік желілер. Тіпті ең қарапайым бағдарламамен әрең жұмыс жасайды.
Әйел затын қадірлемейді. Бірақ тек соның көмегімен ғана өмір сүреді. Бұндай жігіттер әйелі мен анасына күң ретінде қарайды. Олар үшін бәрін әйел жасауға міндетті.
Жауапсыз. Тапқанын жылтыраққа жұмсағанына мәз. Бұндайлардың әйелі отбасының болашағына үнемі алаңдаумен жүреді. Өйткені мігіттердің қолдарынан боқ та келмейді.
Сабырсыз, шыдамсыз. Жұмысында, жеке басына күн түссе, не істерін білмей, ашуланып, айналасындағылардың миын шірітіп жібереді. Күйгелек, түймедейді түйедей қылады. Өз бетімен ешқандай шешім қабылдай алмайды. Не болса соған көкбеттеніп ұрысуға дайын тұрады.
Намысы жалған. Отбасында қиын жағдай болса, бірінші қашады. Қара жұмыс істеуге намыстанады, бірақ көлігі сынып қалса, бөтен біреуден көмек сұрап жалынуға намыстанбайды.

Дүбәра. Я еркек емес, я әйел емес түсініксіз бірдеңе. Көп қасиеттері мігіттікіндей. Бар білетіні қарап жүріп өзіне, айналасындағыларға проблема туғызу. Мұндайлар ата-анасының, болса әйелінің, бауырларының соры. Эгоист. Өзінен басқа адам ол үшін адам емес. Ештеңемен шаруасы жоқ. Араққа, нашаға жақын. Жықындарын сабап алудан таймайды.
Сөзі бос. Айтқанында ешқашан тұрмайды. Айтқаны өсек-өтірік. Оған ешкім де сенбейді, одан әрі жүруге тырысады. Көбіне жұмыс істемейді.
Өміріндегі барлық сәтсіздіктері үшін міндетті түрде өзінен бөтен кінәлі адамды табады.
Әйелдерді жек көреді. Оған әлемдегі барлық әйелдер қас болып көрінеді. Тіпті анасы да. Оларға зорлық-зомбылық жасаудан тайынбайды. Және бұл ісіне әйелді кінәлайды.
Кекшіл. Келіспесе бауырын бауыздап тастауға да бар.
Әрі қарай

КВН-шілердің құлқы қандай? (Алдекең жазбасындағы пікірден кейін)

Жаңа Алдекеңнің жазбасын, соңындағы пікірлерді оқи отырып, ойға қалдым. Мынау төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған орекеңдерден импортталған ойынды қазіргі таңда жастардың қызыға тамашалайтыны белгілі (әрине, кейбірі ұнатпас, бәлкім). Алайда, не күнкөрістің қамымен тоңып секірген, не қарынның тоқтығынан тойып секірген жасөспірімдерді мәдениетке қарай, өнерге қарай икемдейтін қасиеті КВН-ге деген құрметті арттырып тұр. Мектепте көрінгенмен төбелесіп, болмаса темекі шегіп, арақ ішуді жөн санаған жандардан, ел аралап, халыққа күлкі сыйлаған жастардың бағасы қашанда биік екені даусыз. Ендеше, бұл да бір өнердің түрі деп түйіп қойыңыз.
Әрі қарай