EXPO дегеніміз не?
«EXPO дегеніміз не?» деген сұраққа көпшілігіміз тұтылып, лезде жауап қатуға жасқанамыз. Биыл Қазақстанда өткізілгелі жатқан дүниежүзілік көрменің тарихы терең, маңызы жоғары екенін білмедім дегенше, сауатсызбын десеңші. Осыған орай, ғылымға тікелей қатысы бар EXPO көрмесінің не екенін, қашан әм қайдан бастау алғаны жайлы аз-кем ақпар бере кеткеніміз орынды. EXPO (ағыл. exposition) — индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. 1844 жылы Парижден бастау алғанымен, алғаш рет EXPO деген атпен 1851 жылы со замандары Британ емпериясының ханзадасы болған Альберттің қолдауымен Лондонда өткізілді. Оның ұтымды, техникалық пайдасы ұшаң-теңіз екенін сезінгеннен кейін арасына 1-2 жыл салып Нью-Йорк, Париж, Порто сынды бақуатты қалалар іліп әкетті. Америка мен Еуропа құрылығынан аспаған көрме, 1970 жылы алғаш рет Азия құрлығына бет алып, жапониялық Осака қаласында өткізілгенін де біле жүріңіз. Азиядағы дамыған елдер Жапония, Қытай әм Оңтүстік Кореяда ғана өткен көрме төртінші болып Қазақстанға келгендігі де бір мақтаныш.
Әр ел, әр қала көрмеге арнап нышан ретінде ғимарат тұрғызу дәстүрге айналған. 1889 жылы Парижде өткен EXPO көрмесіне орай белді Эйфель мұнарасы, Лондонда хрустал сарайы тұрғызылған болатын. Сондай-ақ, EXPO тек қана ғылыми емес, саяси дәрежеге де ие. Британдықтардан бөлініп шығып өз бетінше дамуға бет алған АҚШ, тек 1893 жылы Чикагода EXPO көрмесін өткізіп, өзінің әлемдік деңгейге шыққандығын, экономикасының мықтылығын әм әлемде белді саяси рөлге ие болатындығын паш еткендігі бар.
Сонымен, биылғы Астанадағы EXPO көрмесінен күтеріміз көп. 115 ел қатысатын ірі көрмеде Нобель сыйлығының иегерлері экологиялық проблемаларды талқылап, жалпы бір ғана ел емес, күллі планетамыздың жағдайы нысанға алынары қуантпай қоймайды. Әйткенмен, біздің де өз көздеген мақсатымыз, көздеген жоспарларымыз бары да анық енді!








Бала туғалы жатқан қатынның соңғы серпінінің алдындағы бір күшенуі секілді, блогиаданың жетінші туры да қылаң берді. Бұл жолғы тақырып, әй жоқ, шәй жоқ, «Инвестиция» деп былш етіп түсті-ау жарықтық. Біз секілді қарабайыр, қос дәрет арасындағы ажалды оқырман үшін тым күрделі тақырып болғанымен, оны да оқып көрмекке бел буып, құйрық тіреп, қол босаттым.
Жазыпты дегенде, әуелгі скриніңізді айтам. Маған да мұндай жанашыр бауырлар/сестралар жиі жазып тұрады. Әрине, спам, тіпті боттар жазып жатыр ма деймін, ол да мүмкін. Бірақ осылай негізгі тақырыпқа өтудегі мағыналық линиясы тірі блогерлік әдіс екенін атап өту қажет.
Әйгерім Кеулімжай, ҰҚК мен өсекшілердің соңғы мәлімет бойынша, берекең кіргір БӨРІБАЕВА, әңгімесін «Маңдай термен тапқан артық ақшаны қайда құюға болады?» деп бастайды. Ашығын айтайық, маңдай термен таппаған қаржыны да құя беруге болатынын біздің елдің әккі мырзалары біліп қойған…
Ой, оқу деп қоямын. Анимация! Маған жұмысты жеңілдеткеніңіз, бір жағынан, қандай жақсы!
Жазба қызық, өзекті. Тап-тұйнақтай пост. Жеңіл оқылады. Суреттер… жәрәйді енді. Тақырып желісі жеке көзқарасқа негізделген, бірақ блогерге абсолют объективтілік қажет емес. :)

Құрметті оқырмандар жалпы салем! Міне, менің ең алғашқы блог жазбам. Сіздер Роберт Кийосаки жайлы естіген шығарсыздар.Тіпті «Богатый папа, Бедный Папа» қазақшада «Бай әке, Кедей әке» кітабында, оқыған боласыздар.Қазіргі перспективалық жасстардың сүйікті кітаптарының бірі. Сол кісі жайлы айта кетсем, Рәкеннің ата-бабалары Жапониядан арнайы Америкаға қоныс аударған.Роберт 1947 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.Ең алғаш мектеп табалдырығын Нью-Йорктағы бір мектептердің бірінен аттаған деседі.Жас кезінен бастап, бала Роберт қиыншылық көрген ба, не басқа себептер болды ма, ақша десе жылтың ете қалатындардың арасынан болды.Орта мектепті тәмамдаған соң, АҚШ әуе-теңіз күштерінде әскери борышын өтеп, Вьетнамда пилот болып қызмет атқарған.

