Байланыста.......байланыста

Қазір қалтафонсыз өмірімізді елестету қиын. Ішінде жоқ зат жоқ. Ал алғашқы тасымалды телефондарды қалай елестетесіз? Олар қалта түгілі арбамен алып жүруге ыңғайсыз болған. Сымсыз байланыс құралдарына шолу жасап көрсек.
Әрі қарай

Соткаңыздың заряды біткен жағдайда....

«Адамнан айла артылмаған» деген бір сөз бар еді ғой. Соны сіздерге бір рет дәлелдеп берейін, егер бұны дәлел ретінде қабылдасаңыздар. Қазіргі заманда адамды ұялы телефонсыз( қалтафон) елестету мүмкін емес. Кейбірімізде қос-қостан бар. Қалтаңыздағы бір телефоныңыздың заряды өшіп қалды делік, екіншісінің заряды жеткілікті. Бірақ сізге отырып қалған телефон өте қажет.Екіншісіне ауыстырып салайын десеңіз Джиесем мен сидимейдің симкалары бір-бірін қабылдамайды. Зарядкаңыз үйде.Батарейка алайын десеңіз ақшаңыз жетпей тұр, алдын ала есептелінбегендіктен. Бұған бола еш уайымдаудың қажеті жоқ. Бұрыштан да шығуға болады жолын таба білген адамға.
Әрі қарай

Трансвестит сөздер

Блог - patick: Трансвестит сөздер

Жынысын өзгертетін сөздер де болады екен. Қазақстанда, мысалы «сотка», «домашка» деген сөздер бар. Жіктейміз:

Сотка — сотовый телефон

Сотовый телефон — алғашқыда, «Он» деген еркек болған. Қазір, ол «Она» болып әйелге айналды.

Мысалы:

Чья сотка? — моя сотка (жен. род);

Чей сотовый телефон? — мой сотовый телефон (муж. род).


Сол секілді қайғылы оқиға «Домашний телефон» сөзінің да басынан өтті. Қазір, бұтына юбка киіп алып, еркектерге қырындап жүр «Домашкамыз»…
Әрі қарай