Қайыршы мен бала


Сенбі күні кемпірім екеуміз көшеде келе жаттық. Тротуардың бір шетінде қарт қайыршы отыр. Алдымызда 4-5 жасар ұлы бар ана кетіп барады. Бір мезетте, әлгі бала қайыршыға 10 метрдей қалғанда, ол отырған жолдың жиегімен жүрді. Жан-жағына қарамайды, тіке жүріп барады. Жүріп барды да....қайыршының ыдысын аяғымен іліп кетті. Тиын-тебен жан-жаққа шашылды. Сол кезде біз де баланың тұсына жетіп қалғанбыз. Мен баланың бетіне жалт қарадым. Қапелімде аузыма сөз түспей қалды. Баланың бет-әлпетінен жайбарақаттықты көрдім. Тіпті, пофигистік көзқарас. Әдейі көрмеген болып, мақсатты түрде тиындарды шашып кеткен сияқты. Маған солай көрінді. Алда кетіп бара жатқан анасы артына бұрылды да, баласына жәй ғана «не істедің?» дегендей орысша бірдеңе айтты. Баласы «а?» деді. Іс осымен бітті. Анасы баласын жетектеп әрі кетті. Мен аң-таң болып қалдым.
Әрі қарай