#QazzaqDepression. Қаде

"Қазақтың тойы бітпесін" © Халық мәтелі
Блог - patick: #QazzaqDepression. Қаде
Сәби
Сәби шетінесе қайғы ұзаққа бармайды. Көбінесе адамдардың көңіл-күйі бір қалыпты-сабырлы болады. Көңіл айтуға келген адам қарасы да көп болмайды. Адамдар тез тарайды. Әдетте қырқы, жүзі дегендер болмайды. Үшінші-жетінші күнмен шектеле салады.

Қазан-ошақ жақта шаруаға көмектесіп жүрген жігіттер ішіп жүреді.

Жас
Жас шетінесе — ата-ана ғана қатты қайғырады. Өлім себебі көбінесе үшеу: армиядан темір табытпен келеді, желігіп жүріп жол апатына ұшырайды немесе көшеде біреумен ілініп төбелестен қайтыс болады.
Жерлеу кезінде ғана бәріне ауыр болады. Үші мен жетісінде қайғырып жүрген адамдар саны минимумға жетеді.

Қазан-ошақ жақта шаруаға көмектесіп жүрген жігіттер ішіп жүреді.

Орта жас
Кенеттен кеселге тап болған 40-50 жас шамасындағы адамның қазасы. Көптен сырқаттанып жүргендіктен ол кісінің өлімі көпшілікке жаңалық бола қоймайды. Дегенмен туыстары дауыс салады. Қаденің соңы естеліктермен бөлісуге ұласады: қайтыс болған адаммен болған оқиғалар, айтқан сөздері, мінез-қылықтары.

Қазан-ошақ жақта шаруаға көмектесіп жүрген жігіттер ішіп кетеді. Бұл позицияға олардың орнына ойын балалары бекітіледі.

Қария
Жылап-сықтау аз болады. «90 жас деген той ғой» — деген репликаны жиі естуге болады. Көпшілігі күліп жүреді, тіпті қабір басында анекдоттар естіп қалуға болады. Негізгі рәсім аяқталған соң — тоймай қалғандар, немесе жылы-жұмсақ дәметіп жүргендер қариямен жақын болғанын сылтау етіп қалып қояды.

Үлкендер жағы гарба ойнайды, ал қазан-ошақ жақта шаруаға көмектесіп жүрген жігіттер ішіп жүреді. Олардың орнын басуы тиіс жасөспірімдер тығылып темекі шегіп жүреді, немесе атыспақ ойнап жүреді.
Әрі қарай

КХЛ-дің "Локомотиві" ұшақ апатынан қаза тапты

Бүгін Континенталды Хоккей Лигасы өз жалауын көтеріп, кезекті біріншілікті бастауы керек болатын. Бірақ Башикирияның Уфасында жергілікті «Салават Юлаев» пен «Атлант» арасында «Ашылу кубогы» ойналып жатқан кезде трибунадағыларға қазалы ақпар келіп жетті. Минскіге бет алған Ярославльдің «Локомотив» командасы толық құрамда ұшақ апатынан қаза тапты.
Әрі қарай

Тезек шешеңнің жауабы

Сатекең салып берген дариға, кешіріңіз, сара жолдың шеңберінде басталған Дәруіштің херметті тұлғалары туралы аңыз-әңгімелер өрісі әрі қарай жалғасын тауып жатыр (Будда азсынбасын). Осы орайда, өткір тілімен, даналығымен, сөз тапқырлығымен халықтың есінде қала алмаған
Тезек шешең туралы да бірдеңе деп жіберуді жүн санап отырм.


Бірде Тезек шешең кенттің бір азаматының қайтыс болу құрметіне орай жайылған қаралы дастарханға әбет мезгілінде тамақ ішуге кіріп шықпақшы болады. Қаралы үйге кіріп келсе, түстеніп кетуге келгендер саны үйге сыймай отыр екен деседі. Кенттің әкімінен бастап көршісі Гүржамаш Муссолинидің ақсақ итіне дейін осы үйде тамақ ішіп отыр екен. Тағы бір артық ауыздың келгенін жақтырмай қалған кент әкімі Тезекке қарап:
— Шіркін-ай, жүрген жеріңе есекмия шықпағыр, тамақ ішу үшін келдің бе, әлде қайғыға ортақтасып, көңіл білдіруге келдің бе? – деп мысқылдапты. Сонда ешкімді бетіне қаратып сөйлетіп көрмеген Тезек шешең:
— Кетш нах, мал әнәң! – деп көршісінің итін бір теуіп қуып, орнына өзі отырып алыпты деседі ел артындағы аңыз.
Әрі қарай