Көрме - көрмек үшін!
Сәлем бердік, жамағат! Осыдан бірер күн бұрын «Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениеті: келелі мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми — теориялық конференциясы, яғни «KORKUT AND MUSIC OF THE GREAT STEPPE» түркі халықтарының бас қосуы болған болатын. Жиын қатысушылары: түркі халықтарынан келген делегаттар, музыкатанушы ғалымдар мен дәстүрлі орындаушылар және жазушы, драматург, «Мәдениет» журналының бас редакторы — Дулат Исабеков пен Қызылорда облысының әкімі — Болатбек Қуандықов, мәдениет ісінің бастығы — Берік Жүсіпов мырза. Мерекелік шара 21-24 аралығында, яғни 3 күнге созылды. Екінші күні өткен іс-шараға қатысқан болатынмын. Жалпы, конференцияда келген қонақтардың ой-пікірі мен ғылыми жобалары қысқаша тыңдалды. Соңында «Сайын дала. Саза дала. Ұлы дала." деген атпен Сыр елі қолөнер шеберлері мен суретшілерінің көрмесі өтті. Көрмеден фоторепортаж ұсынайын
Әрі қарай