Қарбыз туралы аздап сыр шерткім келіп тұрғаны. Оған себеп, жаз келіп аз болса да алғашқы қарбыздар сатыла бастады. Ақтөбеде әзірше 60 теңге килосы. Күзге қарай 10 теңгеге дейін түсетін шығар.
Сонымен қарбыз. Қарбыздың отаны Оң.Америка екен. Ежелгі Египетте де адамдар бұл жидекті білген екен. Қарбыз сөзі парсы тілінен келген екен, парсыша харпузак — Есек қияры деген мағынаны білдіреді екен.
кеше базарға барып қарбыз сатып алып, оны жедік. дәмді екен қарбыздар. шопақтары қап қара. шопақтарын да жедік. бұрын шопақтарын жемейтінмін. іште қап кетіп, қарбыз болып шығады деп қорқытатын ағам. қазір ағам ауылда болған соң шопақтарын қорықпай жей бердім. енді ол кезде кішкентай едім. қазір дау болдым ғой. қарбыз жеу зиян дейді біреулер. несі зиян?
Бүгін ауылға барып қайттым. Керемет әсерде қайтты деп ойласаңыз — мүлдем олай емес… Күн бүгін ерекше ыстық болып, өзімді өте жайсыз/маңызсыз сезініп, басым ауырып, быт шыт болдым. Ауылға барып әке-шешемді, інім Исмайыл мен Шымқаладан жазғы демалысқа келген марқұм ағамның жалғыз ұлы Жанболатты көріп қайттым.
Үйде анамызды Апа деп, әкемізді Тәте (аға) деп өскенбіз.
БІр жас мұғалім қыз 7 сыныптағы оқушыларға сабақ түсіндіруге қанша тырысса да оқушылар шулап кете береді екен. Содан бір күні әлгі мұғалім, «егер сабақтың соңына дейін шуламай тыңдасаңдар мен сендерге бір фокус көрсетемін» депті. Оқушылар тыныш отырып, мұқият тыңдапты. Сабақ аяқталып, мұғалім шығып бара жатқан кезде бір бала «апай фокус қайда?» деп сұрайды. Мұғалім сөмкеснен алма алып, оны еденге қояды. Содан кейін өзі сол алманың үстіне шпагатқа (жіп емес)отырып қайта тұрады. Алма жоқ. Оқушылар қатты таңғалыпты. «Апай, қалай істедіңіз?» деген шәкірттеріне сәл жымия қараған әлгі мұғалім: «Бұл түк емес, 9 бен 11 кластың балаларына қарбызбен көрсетіп жүрмін» депті…
Жасауын, әңгіме жоқ, әдемі-ақ жасайды. Бірақ кей жерлерде біреулер ракымен ішуге қарбыз таппайды, бұлар болса, онымен ойына келгенін істеп ермек қылады :)))