Қанатта кетті қазақтан...
Самбодан қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған Қанат Байшолақовты білмейтін қазақ кемде-кем. 80-90 жылдар аралығында дүниеге келген біраз Қанаттың есімі осы кісінің құрметіне қойылған болатын. Кейінгі жылдары дзюдодан еліміздің қыздар құрамасын жаттықтырып жүрген ағамыз, қазақ спортына өзіндік үлес қосқантын.
Өзі туған Жаңаарқа ауданына жол тартқан ағамыз жолда тоқтап тұрған жеңіл көлікке көмек көрсетпекші болып тоқтаған екен. Қарға көмілген көлікті “Камаз” көлігін тоқтатып шығармаққа ниеттенген ағамызды ақ түтек боранда жүргізуші аңғармай қалса керек. Ауыр соққы алған жігіт ағасының жүрегі Жаңаарқасына жете бере мәңгілікке соғуын тоқтатты. Қанат Байшолақов тірі болғанда биыл ердің жасы елуге толатын еді.