Қазақтың жері

Мына сөздерді оқымай тұрып бұрынғы өткен заманда қазақ елінің территориясына қараған бірнеше жерлердің (аудан, болыс, қала) бүгінде Ресейдің қарамағына өтіп кеткенін білуші едім. Менің білгендерім (3-4 қала) түк емес болып шықты. Мынаған назар салсаңдар…
Алтай таулары мен Тоң (Дон) өзенінің арасында алып хандық құрған қазақ жері қарашекпеннің талапайында қалғалы қашан?! Анау Тулаңның алғашқы атауы әйгілі Жәнібек ханның анасы Тайтулланың есімі емес пе еді?! Астраханың –Хажытархан, Саратов – Сарытау, Челябинск – Селебе, Курган – Қорған, Тюмень – Төмен, Барнаул – Баранауыл, Усть-куть – Үстіқұт, Ачинск– Ащылы, Байкал – Байкөл, Енисей – Енесай, Ангара – Аңғар емес пе еді?! Асан Қайғы, Ақтанберлі, Шалкиіз, Доспанбеттер асқақ жырына ораған Еділден (Волга) иісі қазақ су ішпегелі қаншама ғасыр өтті?!
Осының бәрі Софы Сматайдың «Елім-ай» романда тайға таңба басқандай көрініп тұр.
www.zhasalash.kz/ruhaniyat/4843.html
Әрі қарай