Ұят болды немесе Уордпресс жабылғаны үшін қалайша 3 рет ыңғайсыз жағдайға түсіп қалдым.

Таяуда:

Екі-үш аптадан бері уордпресс блогтұғырнамасында ашылған 4 блогымның ешқайсысы да істемей жүр. Олардың үшеуі математика пәніне байланысты болса, төртіншісі – А. Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйге арналған блог болатын. Бұл блогты жазда, осы мұражайдың директорының өтінішімен бастадық. Мақсатымыз: халықты «ұлт ұстазының» шығармашылығымен, өмірімен таныстыру. Мұражайдың директоры Райхан Имаханбетова – ахметтанушы, ғалым, жиырма жылдың ішінде жинаған материалмен іздемпаз студент, оқушылармен бөліскісі келді.
Әрі қарай