Авиашоудан фото есеп

Алдымен қысқаша ақпарат.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді.
Толық оқығыңыз келсе: --->>

Өткен жексенбі яғни 18-тамыз күні Астана қаласының сыртындағы 19132 әскери бөлімінде Әуе Қорғаныс күштерінің құрылғанына 15 жылдығына орай мерекелік жиын өтті. Шақыртуда авиашоу деп көрсетілгендіктен сәл қобалжу болды. Енді түтінді будақтатып аспанда сурет салып шыр көбелек айналып жүрген ұшақтарды суретке түсіру оңай жұмыс емес. Содан гуглды ақтарып суреттер қарадым, біраз видеолар көрдім, опшым біраз дайындалдым. Азанда келісілген жерге Canon 5D mark II-ні құшақтап жеттім. Дайын машинамен авияшоу болатын жерге де 20 минутта жетіп бардық. Әдетте қатал, суық көрінетін әскери қызметкерлер жайдары қарсы алды. Бүгін ашық есік күні екен. Мерекелік алаңға Ан-26, С-295, Ту-154, Ту-134, Як-40, Ми-17В-5, Eurocopeter EC145 және зениттік зымырандар арқалаған бірнеше МАЗ-543М көліктері қатар қойылыпты.Суреттер сөйлейді: Авиашоудан фото есеп
Әрі қарай

Естімеген елде көп

Бұл жазылымды көрген кезде, не ойларымды білмей дал болып қалдым. Қалай болғанда да бассыз аудармашыларға ысырып салудан басқа амал қалмады. Сурет сапасы үшін алдын ала кешірім. Атырау облысы аудандарындағы бір көше.
Әрі қарай

Блогыма не деп ат қойсам болады?

Блог-құрылтайда мен жасаған презентациядағы айтарлық бір ғана нәрсе болды (деп ойлаймын) – ол қазақ блогонимі дейтін термин. Блогоним (blog – блог, ὄνομα onoma) – есім) – блог атауларын (блогосферадағы атауларды) зерттейтін сала. Қазақ блогонимі қазақша блог атауларына қатысты ілім. Ескерте кетейін, зерттеу нысаны урл мекен-жай емес, блогтың маңдайшасындағы атаулар болып табылады. Жалпы блогонимдер туралы Өркенегро, Айкона өз жазбаларында атапты.
Қазақ блогтарын жіктегенде, негізгі мыналар (менің топшылауым) көзге түседі.

Әрі қарай