Қызығушылық ("Өзге тілдің бәрін біл")
Бала кезден арманым – көп тіл біліп, дүниежүзін шарлау еді. Бүгінде сол арманымның бастапқы сатысындамын. Өзім қытай тілін оқып жүрсем де, каникул кездері өз бетімше өзге тілдерді үйреніп жатырмын. Әрине, инет арқылы. Соның ішінде корей тіліне деген қызығушылығым корей сериалдарын көруден басталғанын жасырмай-ақ қояйын. Әсіресе, «Ыстық ұя», «Жүрегімде қалған күз», «Кешір, мен сені жақсы көрем», «Жумонг», «Баянсыз махаббат», «Жасыл қырат жақта» сериалдарын көріп фанат болмаған жастар аз шығар.