Йолка!


Туған-туыстардың кішкентайлары әлден Жаңа жылға дайындала бастапты."- Спайдермен болам! Сен ше? — А мен Аватар болам!" — деп мәз. Бұрынғы қасқыр, қоян, кірпі дегендер сәннен қалыпты.Мушкетерлер де «не катит». Мен Қызыл Телпек болып киінгенім есімде. Сосын бір жылы әкем аллюминийден иіп жасап берген қанаттарға ақ матаны керіп тігіп, оған өлтіріп тұрып жылтырақтарды жапсырып, арқама тағып алып Көбелек болғанмын… Ал әкем өзінің шыршаға қалай киінгенін айтқанда, күлкіден ішегім түйілген. Ол туралы бір форумға жазған едім, осында копипастить ете салдым…
Шырша мейрамы деген нәрсе қазақтарға қашан келгенін білмеймін, әйтеуір кішкентай папамды «ёлкаға киіндіру керек» дегенде марқұм әжем мен атам қатты абдырапты. Ойланып-толғанып тапқандары — бір жапырақ ақ қағазды шошайтып конус қылып орап, жиегіне ою жапсырып, папамның басына кигізіпті де екі жақ шекесінің тұсынан әлгіні тесіп жіберіп, резеңке өткізіп иектің астына іліп қойыпты. Бір қолына көк кастрюляның қақпағын, екінші қолына таяқ ұстатыпты. Папам – батыр! Келесі жылы да дәл солай киіндірген екен. Бала ғой, көк қақпақ пен «найзадан» жалыққан әкем төртінші оқып жүрген жылында ғарышкердің «костюмін» өзі жасап алыпты. Бас сиятындай етіп қағаздан оралған цилиндр, төбесін жауып, бет тұсынан төртбұрышты тесік ойып, тесікке целлофан жапсырыпты. Онысы скафандр. Оны киген папам – космонавт. Болды, басқа ешнәрсе қажет емес.«Ол уақытта ғарышкер болуды армандамайтын бала жоқ тұғын. Мен де бір журналда бейнеленген басында дәу скафандры бар, ракетаның үстіне аяқтарын талтайта мініп алып, заулап бара жатқан ғарышкер баланың суретіне қарап талай қиялға шоматынмын. Әлгіндей скафандрды өзім жасап алғаныма қатты қуанған едім», — дейді. Сол кезден бастап шыршаға баратын киімдерін өзі тігіп алатын болған.

Отак от  Прынцэса болып киіну арман болып қалып қойды менде. Кейін қызыма арқылы өшімді алмасам сол арманнан !
Сіздер кім болып киіндіңіздер?
Әрі қарай