"Құрметті қолданушы"




Менің көріпкелдік қасиетім, керекшілердің біразы келесі «Блогкемпті» Қарағандыда өткізгенін қалайды деп сыбырлап отыр. Әбіл мен Абзал үшеуміз құрылтай Қарағандыда өтсе бір жасап қалатынымыз хақ. Дегенмен, Шымкенттіктердің блогқұрылтайды жаңа сапаға көтеріп тастауы, осы деңгейді түсіріп алмаймыз ба деген күдік те жоқ емес. Біздің облыста да ұлтқа жаны ашитын азамат отыр. Қасым Аманжоловтың жүз жылдығын дүркіретіп өткізген. Егер, жұрт Қарағандыны қалап отырса, ертерек қимылдап, ұйымдастыру жағын бастап кету керек. Себебі, Қарағандыда блогшы ағайын саусақпен санарлық. Өтетін орны, қарсы алу, шығарып салуды жасау оңай. Ал, демеуші табу жағы өзімді қорқытады. Сол себепті, Талғат пен Данияр тізе қосып, құрылтай өткізуде тағы бас болғаны жөн. Ал, мен ресми жағын ұйымдастыруға дайынмын.
Шымкентке бару үшін біраз тер төгуге тура келді. «Фотобайқауға» қатыстым, "Ұйқыашар" жасаймын деп Қарағандыдан құрт тасыдым, стартаптар байқауына тіркелмесем де, Аршаттың «ләппай» деуімен орта жолдан қосылып кеттім. Біреуі еленсеш…




