1939 жылы «Life» журналы "Әлемдегі ең үлкен шошқа" атты ағылшын ойынын жариялаған еді.
Суреттерді нұсқау бойынша жинау керек болатын.Соңында қандай сурет пайда болатынын ойын соңында көруге болатын болған.
Боқай мырзаның айналыспаған шаруасы жоқ.Қазақша айтсақ «тышпаған төбесі қалмады». Колхоздар тарқамай тұрған сонау бір кездерде шошқа тағалаушы болып та жұмыс істеп көрді.Абырой бермеді. Ел бос отырған біреуді көрсе «Не істеп отырсың, шошқа тағалап отырсың ба?» деп мазақтайтын болды.
Кеңес үкіметі құлады. Шошқашы Мекалай шошқалардың бәрін жеке меншіктеп алды. Боқайдың балалары аштан өлуі керек пе? Жоқ, Боқайда өзінше тірлік қылмаққа ниеттенді. Жар жағалап, столбылардың басындағы қарғаның ұяларынан жұмыртқа жинады көктемгі мезгілде. Жылда балапандарын 21 күн дегенде шығаратын шұбар тауық 12-13 күнде алғашқы балапандарын басып шықты.