Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет

Биыл BlogCamp-2014 шеңберінде өтетін "Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған үздік фотосуреттер" байқауына өз нұсқамды ұсынып көрмекпін.

Қарағанды — шахтерлер қаласы. Мен үшін шахтерлер — өз деңгейінде жете бағаланбай жүрген өнеркәсіптің қаһармандары. Маған шахтерлер мен блогерлерді байланыстыру қажет болды. Бұл идеямды іске асыру үшін 2008 жылы шыққан «Таңғажайып Халк» («The Incredible Hulk») фильмінің постерін негізге алдым:

BlogCamp: Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет
Суретте шахтер және блогер бейнеленген. Бұл бір жағынан аталған фильм постеріне пародия, әрі шахтер мен блогшыны бірге көрсету амалы.

Ал мынау түпнұсқа постердің өзі:
BlogCamp: Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған фотосурет

АЗ-дың күші аз емес

Нидерланды – қызғалдақ өсіруден ғана емес, футбол жұлдыздарын түлетуден де шежіресі бай ел. Кройф, ван Бастен, Гуллит, Райкард, Бергкамп, Клюйверт секілді кешегі аңыз футболшыларын айтпағанда, Роббен, Снейдер, ван Перси бастаған әлем футболының бүгінгі саңлақтары жетіп-артылады. Теңбіл доппен аты шыққан осы елдің футбол клубтарының бірі – АЗ (Алкмаар Занстрек).

АЗ командасы біздің «Шахтерден» то­ғыз жыл кейін, яғни 1967 жылы құрылған. Үй­дегі матчтарын өткізетін алаңының сы­йым­дылығы да аса үлкен емес. Стадионға бар болғаны 17023 адам ғана кіре алады. Жетістіктері жай­лы айтсақ, Голландияның екі дүркін чемпионы. Сон­дай-ақ төрт рет ел кубогында жеңіске жетіп, бір рет УЕФА кубогының финалына де­йін жеткен.
Алкмаар қаласы клубының ең ал­ғашқы жұл­дызды кезеңі өткен ғасырдың 70-80-жыл­да­рымен тұспа-тұс келді. Ал­ғаш­қы жүлдесін, яғ­ни ел кубогын 1978 жы­лы ұтты. Арада үш жыл өткенде, «алтын дубль» жасады. Ни­дер­ланды чемпионаты мен кубогын қатар ұтты. Сол жылы АЗ дәл ба­бында болған еді. Тіпті УЕФА кубогының финалына дейін жетті. Өкі­ніш­ке орай, ақ­тық сында ағылшынның «Ипсвич Таун» ко­ман­дасынан ойсырай ұтылды.

Ал екінші чемпиондығына 2009 жылы қол жеткізді. Ол кезде команданың тізгіні атақ­ты бапкер Луи ван Галдың қолында бо­ла­тын. Бұл ма­ман төрт жылдың ішінде «Алк­маарды» жо­ға­ры деңгейге көтерді. Ке­йіннен ван Гал кет­кен соң, команда тө­мен сырғи бастады.

2010 жылы Еуропа лигасының електік до­дасының плей-офф кезеңінде осы АЗ біздің «Ақтөбемен» кездесті. Сырт алаңда Муханов шә­кірттері 0:2 есебімен жеңіліп қалса, өз же­рі­мізде нағыз еуропалық ойын үлгісін көрсетті. Дегенмен қос ойын қоры­тын­дысы бойынша Ни­дерланды коман­дасы топтық кезеңге өткен болатын.

Енді кезек «Шахтерге» келіп отыр. Біз үшін бұл матч өте маңызды. Өйткені «Шах­тер» топ­тық кезеңде әлі жеңіске жеткен жоқ. Сондықтан Ку­мыковтың командасына сын сағаты туып тұр. Өткен турда Астанада «Маккабиді» 2:0 есе­бімен ұтып тұрып, екін­ші таймда екі гол жі­бер­ген едік. Сол турда АЗ бен ПАОК та тең түсті. Екі турдан кейін АЗ бен ПАОК төрт ұпай көш бастап келе жатыр. «Маккаби» мен «Шахтерде» – бір ұпайдан ғана.

Тағы бір айта кетерлігі, жақында Ни­дер­ланды клубының бас бапкері ауысты. Жа­ңа бап­кердің есімі – Дик Адвокат. Фут­бол әле­мін­де аса танымал, беделі жоғары ма­ман. Соңғы жылдары «Зенит», ПСВ клуб­тарын, сондай-ақ Ре­сей құрамасын жат­тықтырған болатын.

Дәл қазір Адвокаттың «Шахтерге» қар­сы қандай тактика дайындап отырғаны бей­мәлім. Белгілісі – Астанаға 22 ойын­шы­сын ертіп келіп отыр.
қақ­пашылар – Эстебан Альварадо, Ив де Винтер, Хоби Верхюлст;

қорғаушылар – Маттиас Юханссон, Дирк Марселлис, Ник Виргевер, Этьенн Райнен, Джеффри Гаувелеув, Ян Вейтенс, Ридгесиано Хапс;

жартылай қорғаушылар – Неманья Гудель, Вилли Овертом, Маартен Мартенс, Виктор Эльм, Маркус Хенриксен, Сельсо Ортис;

шабуылшылар – Йохан Гудмундссон, Арон Йоханссон, Рой Бееренс, Фернандо Льюис, Денни Авдич, Стивен Бергхейс.
Әрі қарай

Хайфаның «Маккабиі»

Футбол, тек қана футбол!: Хайфаның «Маккабиі»Қазанның 3-і күні Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы.

Хайфаның «Маккабиі» Қазақстанға осымен екінші рет келмекші. Оның алдында 2009 жылы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбемен» кездескен еді. Ақтөбеде өткен ойын 0:0 болып аяқталса, Израильде 4:3 есебімен хайфалық жігіттер басым түскен болатын. Матчтың алғашы 15 минутында үш доп соққан Муханов шәкірттерін ойынды тамашалап отырған көрерменнің ешқайсысы жеңіледі деп ойламаған шығар. Бірақ, сол ойында Сидельников қақпасынан төрт доп алып шығуға мәжбүр болды. Демек, бұл команданың кездесудің соңына дейін табандылық танытып оңайшылықпен берілмейтіні көрініп тұр.

Бірінші турда «Шахтер» ежелгі Эллада еліне барып, ПАОК-тан соңғы минутта өкінішке қарай ұтылып қалды. Тағы да сол соңғы минуттар синдромынан құтыла алмай келеміз…

Ал «Маккаби» өз алаңында АЗ (Голландия) клубына 0:1 есебімен жол берді.

Хайфаның «Маккаби» клубы 1913 жылы құрылған. Израилдың 12 дүркін чемпионы. Бес рет ел кубогында жеңіске жетккен. Сондай-ақ, төрт рет Израиль лигасының кубогын олжалаған.

УЕФА Чемпиондар лигасының 2002/03 жылғы маусымында «Маккаби» алғаш рет аталмыш турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды. Осылайша Израиль футбол тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда ретінде тарихта қалды. Сол жылы хайфалықтар бүкіл әлемді таңқалдыратын сенсация жасады. Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің дебютаны «Маккаби» аузын айға білеген, Сэр Алекс Фергюсен жаттықтыратын «Манчестер Юнайтедті» 3:0 есебімен ойсырата ұттты.

Соңғы 10 жыл көлемінде Израиль чемпионатында 7 рет жеңіске жетіп, 2 рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алған. Сондай-ақ, 4 рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. 2007 жылы ширек финалға дейін жетті.

Чемпиондар лигасының 2009/10 жылғы маусымында топтық кезеңде бірде-бір кездесу жеңіске жетпеген әрі бір голда соқпаған алғашқы команда ретінде тіркелді. «Маккабидің» тобына сол жылы «Бордо», «Ювентус», «Бавария» сияқты ең мықты командалар түскен болатын.

«Маккабиде» кезінде Йосси Бенаюн, Олег Кузнецов, Якуби Айегбени сияқты танымал футболшылар өнер көрсеткен.

«Шахтер» Еурпа лигасында өнер көрсетіп жүрген командалардың ішінде ең шығысында орналасқан. Хайфа мен Астананың арасы 3600 шақырым.

Қарағандылық клуб биылғы жылы еуродода аясында Қазақстанда өткізген үш кездесудің ешқайсында өз қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ. Бұл жолы да солай болса, қоржынға алғашқы үш ұпайды салуға тамаша мүмкіндік туып тұр.

Израил біріншілігінің соңғы турында «Маккаби» «Бней-Сахнин» клубымен 0:0 есебімен тең тарқасты.
Әрі қарай

"Шахтердың" Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары және ойындар кестесі

Қазақстан атынан алғаш рет Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатысатын қарағандылық «Шахтердың» қарсыластары анықталды.

Футбол, тек қана футбол!: Шахтердың Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары және ойындар кестесі
«Шахтер» тобында мына командалармен ойнайтын болды:
АЗ Алкмаар
ПАОК
Маккаби Хайфа
Ойындар кестесі:

19/09/2013 — ПАОК — Шахтер
03/10/2013 — Шахтер — Маккаби Х
24/10/2013 — Шахтер — АЗ Алкмаар
07/11/2013 — АЗ Алкмаар — Шахтер
28/11/2013 — Шахтер — ПАОК
12/12/2013 — Маккаби Х — Шахтер
Әрі қарай

Селтиктің жеңісі шотландтардың көзімен

Шотландияның танымал Daily Record және Sunday Mail газеттерінің кешегі ойын туралы фотосетін ұсынбақшымын. Фотосетте бәрі бар. Қазақ жанкүйерлер, матч алдында дұға етіп тұрған жалғыз мұсылман Джидич, ойындағы қауіпті сәттер, соғылған голдар, гол қуанышы және әрине Борат.

Ақпарат көзі: dailyrecord.co.uk
Әрі қарай

"Селтик" - "Шахтер" 3:0. "Шахтер" Еуропа Лигасында!

Чемпиондар Лигасы плей-офф матчында «Селтиктен» 3:0 жеңілген «Шахтер» қос ойынның нәтижесі бойынша 3:2 жеңіліп, Еуропа Лигасына жолдама алды. Жарысты «Шахтер» енді Еуропа лигасында жалғастырады.


«Селтик» — «Шахтер» 3:0 (1:0)
Голдар:
Коммонс 45 (1:0), Самарас 48 (2:0), Форрест 90 (3:0)
Ескертулер: Лэдли 68, Браун 90 — Симчевич 18, Каньяс 36, Вичюс 40, Зенькович 85
«Селтик»: Форстер, Мэтьюз, Эмброуз, Малгрю, Лустиг, Браун, Коммонс (Бурригтер 79), Лэдли, Самарас, Стоукс, Форрест (ван Дейк 90)
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 83), Хижниченко
Төреші: Свейн Моэн (Норвегия)
28 тамыз. Глазго. «Селтик Парк».
Алғашқы матч: 0:2.
Әрі қарай

Фанаттың сатқындығы

Футболдағы фанат ұғымы қалай өзі? Белгілі бір клубқа жан-тәнімен жанкүйерлік етуі ме? Жалпы футболға Отан ұғымы керек пе? Басқа елге, клубқа жанкүйерлік етудің несі айып? Гаста адамдардың неліктен бір жаққа фанат болатынын ашып түсіндіре алатын шығар, бәлкім. Мені мазалап отырған сұрақ — өз елінің клубына жанкүйер болмағанды сатқын деу лайықты ма?
Футбол, тек қана футбол!: Фанаттың сатқындығы
Әрі қарай

Шахтер - Селтик 2:0



«Шахтер» — «Селтик» (Глазго, Шотландия) 2:0 (1:0)
Голдар: Финонченко 12 (1:0), Хижниченко 77 (2:0)
Ескерту: Муйоколо 45
«Шахтер»: Мокин, Василевич, Порываев, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко (Зенькович 82), Хижниченко
«Селтик»: Форстер, Исагирре (Балде 82), ван Дейк, Малгрю, Муйоколо, Лустиг (Мэтьюз 67), Браун, Коммонс, Лэдли, Самарас, Форрест
Төреші: Павел Краловец (Чехия)
Әрі қарай