USB-флешкіге үлкен файлдар көшіру

Аяқ асты эстеттігіңіз ұстап қалып, фильмді жоғары сапамен көргіңіз келеді. Не болмаса, телебизіріңізбен бірге келген 3D-көзілдірікпен көздің жауын алар кескіндерден рақаттанғыңыз келіп қалды. Енді, «көксәуле»* дискілерін сатып алуға ақша болмағасын (әрқайсысы кемінде 5000 теңге), BDRip қылып сығылған көшірмелерін Интернеттен алдыңыз (3D форматында видео файлының салмағы орта есеппен 7-8 ГБ тартады). Керек фильмді компьютерге жүктеп алған соң, флешкіге көшіріп ала қояйын десеңіз — ом мане… көшірілмейді!