Deprecated: Function get_magic_quotes_gpc() is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/engine/Engine.class.php on line 241
Deprecated: The each() function is deprecated. This message will be suppressed on further calls in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/libs/vendor/DklabCache/Zend/Cache/Backend.php on line 68 түс түлкінің боғы / tag_title / КерекИнфо
Өлі тыныштық. Теріскейтіктен соққан ызғар денемді қарып барады. Бойымда аздап қорқыныш бар. Мен қайдамын өзі? Тастай қараңғы. Әне бір жерде май шам жанып тұр. Сақылдаған тісімді қолыммен басып сол өлімсіреген сәулеге қарай беттеп келемін. Бар ойым — мына қараңғылықтан құтылу, жарық сәулені табу. Белгісіз, беймәлім жердің бір құпиясы бар екенін ішім сезеді. Мүмкін, мүмкін мені біреу сыртымнан бақылап тұрған шығар? Мені сынағысы келген жанның тірлігі емес па екен? Сыр алдырмауға тырысуым керек! О, құдай, өзің қолдай көр!