ТҮЛКІ МЕН ҚАСҚЫР

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты: — Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, — дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: — Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! — дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.
Әрі қарай

ТҮЛКІНІҢ ҚАЙРАУЫ

Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соны қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «не қылып тұрсың?» — депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып, мен өте алмай тұрып қалып тұрмын», — дейді. Сонда түлкі: — Өзіңіз арыстандай басыңызбен бұты сидиған елік құрлы аттай алмағаныңыз лайық па? — десе, қасқыр қорланып, ыза болып аттаймын деп белі мертігіп өліп, түлкі досына азық болыпты.
Әрі қарай

Түлкінің айла-қулығы

Күндердің бірінде сақалта мен түлкі дос болыпты. Бір күні халықты алдап-арбауға үйренген түлкі сақалтаға: «Досым, сен әрқашан аспанда ұшып, бұлттардан басқа еш нәрсе көрмейсін, кел, менің арқама отыр саған орманды көрсетемін. Қазір көктем талдар көктеп, гүлдер гүлдене бастаған кезең,»- деп айтады.

Сақалта қабылдап, түлкінің арқасына отырады. Түлкі ағаштар арасында жүгіре бастады. Ол қалын талдар арасынан өткен сайын, сақалтаның қанаттары талдардың бұтақтарына тиіп, қауырсыны бірте-бірте жерге түсіп қалды. Бірақ түлкі тоқтамай, орманның ішінде жолын жалғастырады. Біріншіден сақалтаның екі қанатының қауырысыны түсіп қалды, кейін кеудесінің мамығы түсті, сөйтеп денесінде бірде-бір қауырсыны қалмады. Түлкі сақалтаның түрін көріп, күліп оны мазақтады. Сақалта қауырсынсыз қалған қанаттарымен ұшып, аң аулай алмайтын болды. Түлкі кейбір күндері өзінен қалған тамақпен тамақтандыратын, ал ол ұмытқан күні, тамақсыз қалып, торғайлар ұясына барып, тамақ іздейтін. Сақалта денесіне жаңа қауырсыны пайда болып, қанаттары қатайғанша, жағдайымен санасуға мәжбүр болды. Бірақ барлыға орнына келген соң қайтадан аспанға көтеріліп, ау аулауға кірісті. Біраз уақыт өтті. Бір күні сақалта түлкіге: «Досым, осы кезге дейін жерді аспаннан көруді ойладың ба? Аспаннан жер өте әдемі көрінеді. Егер көргін келсе, мен сені аспанға жеткізуге дайынбым,»- дейді.

Түлкі сақалтамен аспанға қарай көтерілуге келісті. Сақалта түлкіні аспанға қарай алып ұшты. Бір мезгілде ол түлкіден: «Жерді көресің бе, қандай екен?»- деп сұрайды. Түлкі: "Өте үлкен,"- деп жауап береді. Сақалта биігірек көтеріліп: «Досым, осы биіктіктен жер қандай екен?»- деп қайтадан сұрайды. Түлкі: «Жер бір қаланың көлеміндей көрінеді,»- деді. Құс одан да жоғары көтеріліп сұрағын үшінші рет қайталады. Түлкі: «Жерді бір қарбыздай ғана көремін,»- деп жауап береді. Сақалта: «Жақсы, енді төмен кете бер,»- деп тырнақтарын босатып, түлкіні биіктіктен тастап жібереді. Түлкі жерге қарай құлай бастайды, қатты жел денесіндегі жүндерінің түсіп қалуына себеп болады. Түлкі құлап бара жатып, жұмсақ жерге түсуді армандайды. Арманы орындалады. Сол кезде бір шаруа таңғы тамағын жейін деп отырған еді. Ол теріден тігілген тоның қасына қойып, алдында наны мен қаймағын дайындаған еді. Шаруа аспаннан тура өзі отырған жерге бір нәрсе құлап келе жатқанын көріп, орнынан тұра жүгіреді. Түлкі жұмсақ тонның үстіне құлап, өлімнен құтқарылады. Дайын тұрған тамақты жеп-ішіп, тонға оранып кетеді. Жолда арыстанмен кездеседі. Арыстан: «Тонды қайдан алдын?»- деп сұрайды. Түлкі: «Менің тон тігетінімді білмейсін бе?»- деп жауап береді. Арыстан таңқалады және түлкіден оған бір тон тігіп беруді сұрайды. Түлкі: «Бес семіз марал әкел және бір апта уақыт бер, содан соң тоның дайын болады,»- дейді. Арыстан түлкінің сұрағаның әкеліп береді. Түлкі жанұясымен маралдар етін жеп алады, бір аптадан кейін арыстан: «Тоным қайда?»- деп сұрағанда, түлкі: «Белбеу мен екі женіне екі қозы қажет,»- дейді. Арыстан екі қозыны да әкеліп береді. Түлкі жанұясымен оларды да жеп алады. Бір күні түлкі арыстанмен кездесіп қалады. Арыстан: «Тоным қайда? Сабырлығым таусылды, тонымды бер, әйтпесе өзінді жеймін,»- деп ақырады. Түлкі: "Әй, хайуандар сұлтаны, тоның үйде. Жүр берейін,"- дейді. Екеуі түлкінің үйіне жақындайды. Бір мезгілде түлкі қашып, ініне кіріп кетпекші болады, бірақ арыстан құйрығынан ұстап үлгереді. Түлкінің құйрығы жұлынып, ол құйрығысыз ініне кіріп кетеді. Арыстан: «Сені қайда болсаң да тауып аламын. Құйырықсыз түлкіні танимың,»- дейді.

Келесі күні түлкі інінен шығып, достарын көреді, оларды жүзімге толы бау-баққа апарады. Түлкілер жүзімді көріп, талдарға мойындарын созып, жей бастайды. Сол кезде түлкі достарының құйрықтарын байлап, баудың иесін шақырады. Ол қолына таяқ ұстап келеді, түлкілер қорқып, қашып кеткілері келеді, байланған құйрықтары жұлынып қалады.

Күнің ортасы еді, бір мезгілде арыстан түлкіні көріп, оған қарай бас салады: "Қолыма түстің бе, құйрықсыз түлкі." Түлкі күлімсіреп, айқайлап, басқа түлкілерді шақырады. Түлкілер жиналады, арыстан жиналған түлкілердің құйырықсыз екенін көріп, таңқалады. Түлкінің алдап, оның аңқаулығын пайдаланып, өзі мен жанұясын тамақпен қамтамасыз етіп, оның арқасында жанұясын тамақтандырғаның түсінеді. Ол түлкіге: "Әй, айлакер ешкім сен секілді алдай алмайды,"- деді. Арыстан содан бері түлкі секілділерден абайлап жүруді үйренді.
Әрі қарай

Аңдардың патшасы кім?

Арыстан түлкіні ұстап алып: “Мен енді сені жеймін”, – депті.
— Босқа әуре болма, аманыңда тайып тұр, мен аңдардың патшасымын, – дейді түлкі.
— Жоқ, аңдардың патшасы сен емес, менмін! – дейді арыстан.
— Нанбасаң, – дейді сонда түлкі, – екеуіміз орманды аралайық, кімнің кім екенін сонда көресің.
— Екеуі осыған келісіпті де, орманды кезіп жүріп кетеді. Түлкімен бірге келе жатқан арыстанды көре сала аңдар зыта-зыта жөнеледі екен. Осылайша біраз жүргеннен кейін:
«Түлкінің айтқаны дұрыс болды, аңдардың патшасы екен бұл» деп қорыққан арыстан қашып құтылыпты.

Ел аузынан.
Әрі қарай

Қансонар

Аппақ далада қарайған екі ноқат көрінеді. Бірі үлкен, екіншісі кішкентай. Үлкені қаракер ат мініп, қарсақ ішік киіп, қарына сойыл ілген жас жігіт.Кішісі сол жігіттің қара тазысы. Ақ қарды алғаш басқан тазының күшік мінезі әлі басыла қоймаған тәрізді. Біресе жапалақтай жауған қарды қауып, біресе тұмсығын қарға тығып-тығып жіберіп, басын шайқап отыра қалады.
Әрі қарай

Тымақ киген түлкі, ат жетектеген ит хикаясы


Біздің өңірде бір әпенде өмір сүріпті. Атын ұмытып отырғаным.Бұл өзі сәл бұрынырақта болған оқиға екен.Ол кездерде екі ауылдың ортасында атпен жүру әбестік емес еді.сол әпенде кісі жолаушылап келе жатып алдынан қашқан түлкігі тазысын қосыпты.
Әрі қарай

"Агент" батыр



Қоян агентте отырып қасқырға «Сұмырай, нақұрыс, кеще неме, ұстап алсам быт-шытыңды шығарам сен қасқырды» деп жазған ғой. Сонда қасында отырған
Әрі қарай