Жолыңыз түсіп, қолыңыздан келіп жатса...

Бүгін ханның шатырына (Ханшатыр) барған едім. Әрине шопинг жасауға… Шығып бара жатып мына нәрсені көріп қалдым.



Егер көрінбей жатса, қысқаша жаза кетейін: жетім, мүмкіндігі шектеулі және отбасылық жағдайы нашар балалар «Тілек ағашына» өздерінің қажеттіліктерін жазып ілген екен. Тілегін орындаймын десеңіз, ілінген конверттердің біреуін аласыз. Толық мәлімет алмақшы болғаныммен, оған жауапты адамды кездестірмедім. Есесіне, жанындағы өзге акцияны ұйымдастырушы қыз өз білгенімен бөлісті. Балалардың тілегі соншалықты қымбат дүниелер еместігін, көргені бойынша ұялы телефоннан басталып, майда-шүйдеге дейін баратынын айтты.
Кейде қажетсіз дүниелерге шашатын ақшамызды неге сауапты іске жұмсамасқа? Сол балалардың бір тілегін орындап, қуаныш сыйлау қолымыздан келіп тұрса, неге жасамасқа?
Әрі қарай