Быт-шыт тойдың болғанынан болмағаны жақсы
Өткен сенбіде бір тойға куә болдым. «Ауылбайский той» десем біреудің намысына тиіп кететін шығармын. Дегенмен көпшілігіміз көріп те жүрген шығармыз, ауылда тойдың қалай өтетінін. Жазда палатка, қыста клуб, асхана сияқты орындар. Оның қатарына спортзалды қосып қоямыз.
Мен тойбасқарушылардың қатарынанмын. Музыкаға жауап беремін. Не керек кешкі 7-ге шақыртылған қонақтар (қазақтар ғой) 2 сағат кешігіп келді. Өтетін орын асхана. Іші азынап тұр. Даладан кірген қалпы дірдектеп отырдық. Әйтеуір жиналып жатқан адамдардың аузынан бөлінген көміртегісінің, денесінің жылуының, кейбір ішіп келгендердің перегарының арқасында ғана аяз қайтты.
Сөйтіп не керек той басталды. Бет ашылды. Қызың отырып қалған, жігітің жүріп қалған, 40 тан асқан біреулер екен. Әлгіні көрген асаба да «жас жұбайларды» деп айтып қоя жаздап, әйтеуір тез дұрысталып, "қос ғашықты махаббат кемесіне қондырайық" деп орындарына жайғастырды. Дегенмен бет ашардың алдында «жас келін», «екі жас» деп айтылып қалған сөздердің қайтарымы жоқ еді)
Әрі қарай