Балаларға арналған спектакль

Қатысушылер:
Староста Саммита
Тазалық секторы АКҮ
Сыныптағы бұзық бала Асаубота
Жақсы оқитын оқушы Қасым Олжас
Сахнада мектеп көрінісі. Сыныптың іші. Тақта, парталар, улап-шулаған балалар.
Староста Саммита: Балалар, Бальзаминка апай ауырып қалыпты. Еңбек мұғалімі Қилызаман ағай 15 минөтте келеді. соған дейін шуламай отыра тұрайық.
Тазалық секторы АКҮ: Сыныпқа түкірмей отырыңдар, кезекші тақта неге сүртілмеген?
Сыныптағы бұзық бала Асаубота: Давай, қашайық! Кім қашпайды сол ҚАТЫН болады!!!
Сыныптағы ұл балалардың бәрі өре түрегеліп, сөмкелерін алып қашып бара жатады. Класта қыздардың жанында жақсы оқитын Қасым Олжас қана қалып қояды. Шымылдық жабылады.
Әрі қарай

Шыбынның дәрісі

Тоқсаныншы жылдардан да тірі шықтық қой.Zilola

Тоқсаныншы жылдар...Өліара… Біздің мектептік жылдарымыздың бастауы сол уақытпен тұспа-тұс екен. Бізге(біздің мектепте) ешқандай тәжірибелік класс аман жетпеді. Тіпті, қарапайым гербарий жасамаппыз да. Бұл-бұл ма, "қайықшыға жел қарсы" демекші бор тапшылығына кездестік. Тырнақтың басындай борды алты сабаққа жеткізетін мұғалімдер бар еді.sammita секілді старостылардың сумкасында жүретін түрлі-түсті борларда таусылды. AKY тәрізді тазалық секторлары бүкіл кластарды жағалап, мұғалімдерден бор сұрайтын замандар туды. Есікті аша бергенAKY типтестерге мұғалімдердің тряпка лақтырып жіберетін де кездері жиі ұшыраушы еді.Ізбеспен (әктас) жазып көрдік. Болмады.Мұғалімдер саусағын сілекейлеп алып тақтаға жазуды шығарды. Білімге деген құштарлығымыз артып, сілекей кепкенше жазып үлгеруге тырысатынбыз. Біздің осы күйімізді Құдай көріп, қытай құтқарды.Дәлірек айтсақ, қытайдың шыбынға қарсы шығарған дәрісі құтқарды. Бор тәрізді қанық жазбаса да ізбестен жақсы еді жарықтық. Тақтаға шығып бор жеп қоятындарға қатаң ескертулер жасалып отырушы еді сол бір замандарда…
Әрі қарай

Кім кезекші???

Мектепте кезекші деген ұғым болушы еді. Кім кезекші болса, сол тақтаны сүртіп кластың тазалығын сақтайтын болуы керек. Ол ұғым ұлдар арасында сақтала бермейді. 11 жыл оқығанда білгенім осы. Кезекшілікті тек қыздар атқаратын еді біздің класта. Жұмағали деген жуас мұғалім болатын. сол кісіі жынды қыла беруші едік. «Жұмалағи» деп дыбыстаушы едік, тақтаға бірдеңе жазып тұрған кезінде.
Алтыншы не жетінші кластағы кезіміз. Сол кісіге қатты қиянат жасадық. Балалық-ай, десеңізші… Тақта сүртуге арналған судың банкісіне кластағы он ұл кіші дәретке отырдық. Мұғаліміміз келді, тақта шимай-шимай.
-Кім кезекші?
Біз үнсізбіз,қыздарда да үн жоқ. Кім сүрте қойсын андағымен… Ақыры өзі сүртпек болды. Трәпкені алып, сулап сүртуге кірісті. Сәлден соң артына бұрылып,
-кезекші, тақтаны сүртпесең де суды ауыстырмайсың ба? Сасып кетіпті-дегені…
Ауылға барған кезімде ол кісіге сәлем беруге әлі ұяламын…
Әрі қарай

Атышулы жиналыстар. «Ұлы құрғақшылық»

Ойбай, мәлімет іздеп келген аграрийлер болса, кешірім сұраймын: әңгіме жаңбыр әлде су тапшылығы туралы емес.
Әлқисса, 1929 жыл, АҚШ, Атлантик сити (Нью Джерси). Жергілікті казинолардың біріне машиналар келіп тоқтауда. Ішінен шляпалы һәм ұзын етек күрте киген джентльмендер түсіп, жан-жағына күдіктене бір көз тастап, казиноға қойып кетуде. Жақыннан көрген адамға жан қалталарында қос-қостан тапаншалары барын көру қиын емес. Ал, «сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мәшинелердің ішінде атақты «Томмиганнан» тап қазір сақылдатып ата жөнелетін бірде шопыр, бірде оққағар рөліндегі жігіттер және отыр…
Әрі қарай