Қараторғайлар


Алматыға келген жылдан бері байқап жүрмін: Қараторғайлар Алматыда қыста кездеседі.

Стереотип бізде мынадай емес пе еді: Қараторғай маусымдық құстарға жатады. Олар суық түскенде жылы жаққа ұшып, көктемнің басында ең алғаш болып ұшып келетін құс. Орыстар құстың ұясын да сол себепті «скворечник» деп атайды. Біз кішкентай кезімізде қараторғай көрсек қуанатын едік «Алақай, көктем келді, енді күн жылынады» деп. Ол көктемнің хабаршысы емес па еді? Тіпті, алқаш еңбек мұғалімі де құстың ұясын жасатқанда, ерте келетін қараторғайлар тоңып қалмау үшін деп соларға арнайтын.

Бірақ Алматыда қараторғайлар қыста қалып қояды. Осы орайда, эколог-биологтарға сұрақ: Бұл құбылыс бұрыннан бар ма, әлде соңғы уақытта қалыптасқан «дәстүр» ме?
Әрі қарай