Спорт сусындары: Энергетикалық сусындар
Қарқынды жаттығумен айналысатын, жаттығу залдарын белсенді пайдаланатын адамдар үшін энергетикалық сусындардың пайдасы көп. Энергетикалық сусынды ішу арқылы шынығу уақытын ұзартуға болады. Бұндай қоспалардың құрамында кофеин болады. Ал кофеин төзімділікті арттыруға, шыдамды болуға септігін тигізеді. Дегенмен кофеинді шамадан тыс қолдануға да болмайды, оның денсаулыққа кері әсері жоқ емес. Сондықтан энергетикалық сусынды пайдалану үшін де мамандардың кеңесі керек.




Бұлшықетті өсіру үшін калорияны, энергетикалық көмірсулар мен ақуыздарды тұрақты пайдаланып отыру қажет. Бірақ көпшілігімізде қоректену тәртібін тұрақты бақылап отыруға уақыт бола бермейді. Сондықтан JUMBO секілді тағам қоспасын күнделікті пайдалану ағзадағы қоректік заттардың деңгейін тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді.
Көп қимылдауға байланысты көбірек энергияны қажет ететін ағза үшін. JUMBO PROFESSIONAL-дың құрамында ақуаздың пайыздық құрамы көбірек. Жоғары сапалы ақуыз құрамы 52 граммды құрайды. Қоспада сүт сарсуының (сыворотка) тез әсер еткіш ақуызы бар, сондықтан препаратты жаттығу кезінде де, соңынан да қабылдауға болады.
MyoMax Hardcore — бұлшықет массасын өсірудің анаболикалық формуласы. Құрамында ақуыз, яғни жоғары сапалы ультрасүзгіленген сарсу протеині көбірек. Сарсу протеині ағзаға тез сіңеді.
Бұл қоспалар бастапқы және орта деңгейдегі спортшыларға ұсынылады. Жұмысқа қабілеттілікті, бұлшықет массасын және күш-қуатты жақсарту үшін ағзаға тез сіңетін тағамдық қоспа. Бұның да құрамында сарсу ақуызы бар және энергетикалық көмірсулар қосылған.
Кәсіпқой спортшылар мен жаттығу залына тұрақты барып тұратындарға арналған сусындар: протеин коктейлдері, гейнерлер, аминқышқылдары, жаттығу кезіндегі кешен, энергетикалық сусындар болып бөлінеді. Бұндай сусындар ұнтақ түрінде болады және өңдірісі сәбилерге арналған қоспалар шығару технологиясына ұқсас.