14-ші ақпан.Мен.Келіншегім.

Бұл күнді сонааау артта қалған жас кезімнен аса тойлай қоймаушы едім.Дегенмен, бұл күннің менің өміріме тигізген әсері болды.Әсері дегеннен көрі өзгерістер енгізді десем де болады. ол кезде келісім-шарт бойынша әскери қызметтемін. Жезқазғандық бір жауынгер (шатаспасам) Спасск оқу-жаттығу алаңынан қашып кетті. Ресми және бейресми ақпараттар бойынша ол солдаттың Қарағандыдағы бір оқу орнында қызы барын және соны құттықтау үшін қашқанын білдік.Әр оқу орнына бөлінген біздер оны жарты күнге жеткізбей тауып алдық."Іс бітті,қу кетті" дегендей, осы мүмкіндікті пайдаланып бұрыннан бері телефон арқылы сөйлесіп жүрген, кездесіп көрмеген бір қызбен жолығып кетуді жөн санадым. Ақыры, кездестім де.Қазір ол қыз біздің үйде біреуге келін, біреуге жеңге, біреуге АНА болып отыр.
Әрі қарай

Әскери оқу-жаттығу жиыны 2011


Ассалаумағалейкүм керекші достар! Міне бір айлық әскери оқу жаттығу жиынын бітіріп орталарыңа оралған жай.
Қызықтың шыжықтың бәрі артта қалды . Отыздан асып әскери өмірмен азда болса танысып келдік. Ақтөбедегі 30238 артиллериялық әскери бөлімінің плацын 22-ден 35 жас аралығындағы 300 ден астам жігіт бір ай тападық. Қалалық военкоматтан 90-ға жуық, қалғаны аудандардан жиналды.
Әрі қарай