Созақ бардық, не көрдік?

Уа аман-есенсіңдер ме әлде аршатсыңдар ма ғақлия мүккәмәл мүміндер!
Өткендегі айтқан СексАуылдың отаны, менің де Теріскей амигоның да тумаса да тұрған жері Созаққа барып қайттым. Таңғы алтыда Шымкентке түстік інім екеуміз пойыздан. Тұрмыз. Мазаламайық деп жора жолдастарға хабарласпағанбыз. Қайда барамыз… Не істейміз… Сонааадайда маңдайшасында «кафе» деген жазуы бар ғимарат тұр. Барсақ — ашық. Түнгі 12-де қуып шығатын Асцотононың кафелерін бір боқтап алдық… Екеуміз тойып тамақтанып алып бағасын сұрасаң мұндағы бір адамның тоймай тамақ ішетін тамағының бағасын сұрайд… Рәхәт.  Қаланы аралауға кірістік. Әжептәуір шырайланыпты. Тал астына кезекке тұратын Асцотодай емес жан-жақтың бәрі тал, көк шөп, көлеңке. Такси ұстайсың да қаланың арғы басындағы әдрісті айтасың. -Қанша? — Бес жүз. — Үш жүз. — Кеттік. Рәхәт!! Сол күні түске таман — Созаққа тарттық. Рахат қо шіркееееен ауыл деген, айран, сүт, талдың астында жатеееееп ұйықтайсың… Қуанышымыз ұзаққа созылмады. Келгенімізден кейін 4-күні ағам "қонақ — үш күн қонақ, онан соң… қонақ емес" деді да, қолымызға шалғы берді, -Шөп орыңдар бар… Кеттік сомен… шөп ору, жинау, кесек жинау… уопшым қалған 5-күніміз ақсаусақ болып қалған бізге әжептәуір қиындықпен өтті. Күндізі әрине. Кешке ауылдың аңқылдаған жігіттері келіп тұрад. — Кеттік. Қайда деп сұрамайсың. Онсыз да белгілі. Анооооо бас жақтағы Сәлимәнің кафесі. Шымкенттік пибің ағыл-тегіл… Рәхәт … Жағдайы жақсы ауылдың. Уран шығаратын зауыттары бар ғой. 91-жылғы брәтішкә 60 000 айлықты менсінбей отыр. 120-150 болса дид. Бір жолдас бала отпускнойына 850 000 алыпты. Айлығымен қосып миллион. Рәхәт . Созақтан ары Мойынқұм мен Бетпақтың қосылар тұсында, Шу өзенінің аяғы Тасты деген ауыл бар. Тамалар жері. Онда да болдық. Жолай соғылған ғимараттар, кафелер, мектеп, Мешіттерді, Кесенелерді көріп көңілің кәдімгідей көтеріледі… Бері келе жатып Шымкентте жаттық 1-күн. Ескі қала үстіндегі паркті қатырып салып қойыпты. Жынды енД. Мұнда да сол арзаншылық. Шашлығың 150, пибің де 150 теңге… Рәхәт … Қимай-қимай қоштастым Шымкентіммен. Бұйырса айналып қазығымызды табармыз…
Әрі қарай

СексАуыл

Әлқисса
Айқаракөздің Шымкент жақсы қала-сынан ба, әлде кешегі түнде Сатыбалдымен ажырасып, бала-шағасының алиментімен күнелтіп жүрген, іші пысқан Муза шешеймен болған 15-секундттық телефонмен сөйлескені әсер етті ма… мына постты жазып отырған пақырыңызға шабыт келді ойда жоқта…
Тұра қалып тақырып іздейді ғой сондағысы. «Тарының түсіне тауық кіреді» дегендей, ауылдан басқа не ой келсін, креативіңдіссс… әлде ауылға деген сағыныштан ба…

Акт намба уан (эротикалық).
Бір қарағанда балыққа ұқсайтын Қазақстанның картасындағы ОҚО деген жазуды көзіңіз шалды ма? Сол ОҚО-ң Оңтүстік Қазақстан облысы. Сол облыстың солтүстігіндегі үштен бір бөлігін бөліп алыңыз. Сол — Созақ даласы. Далалы, құмайтты, шөлді жер. Негізгі шаруашылық — мал болған кезінде. Мал бағып жүрген ата-бабаларымыздың фантазиясы қатты ойнап кеткен ау деймін, жер-жерге эротикалық сипаттамасы бар топонимдерді қоя беріпті. Кіре берістен бастайық: Шаяннан (аты не деген жаман еД) кіре берісте Аққолтық деген ауыл бар. Аққолтық көне түркіше — әйел деген мағына береді, одан бері Жыныс-ата (әулие адам дейді білетіндер), одан бері — Қотантас. Аңыз бойынша жаугершілікте бір батырдың (Сатыбалдының айтып жүрген Мастұр батыры осы ау деп шамаладым) еркектік белдеуін кесіп алып лақтырып кетіпті «атаңанәлет қалмақ тағы шапты ма»-лар. Содан осы тас өсіп шығыпты. Одан бері Қыземшек. Мұнда да жоғарыдағы іспеттес аңыз, бірақ бұл жерде кесетін қалмақ емес, сүйіктісімен бір болғызуды қаламаған ағасы дейді көзкөргендер. Одан бері Шүмекейқұдық ( айттым ғой тұнып тұрған эротика деп).

  • Жарнамалық үзіліс:
    Ауылға бешірге келіп отырған қонақ қыздың әңгімесі: -Аққолтықтан өтіп, Жыныс-атада сексаулмен дайындалған шашлык жеп отырмыз.

Акт намба ту

Қайдағы бір Дәруішөлгенде туып қор болған ғой Сатыбалды ағамыз мүмкін әпше. Созақта, онда да Теріскейдің туған ауылы Шолаққорғанда туылуы керек еді. Шолаққорған — Созақ ауданының орталығы, мордасы. Пьяншіктерге барлық жағдай жасалған.
Дүкенің міне, базарың,
Осы жерде он жыл тұрасың.
Екі аяқпен кіресің,
Төрт аяқпен шығасың,-деп жырлап өткен талай дүлдүлдер бұл маңды. Базарыңды қойшы, ауылдың қақ ортасынан бір жылға ағып өтеді. Аты? Пиянарық! Бүдкіңнен экстра-мэкстраңды алып келесің де отырып алып сілтейсің айй бір айызың қанып. Су жаныңда, таза ауа, ешектің ақырғаны, тұнып тұрған көк майса… бұдан артық не керек?!!!

Қорытынды

Шымкенттіктер Созақты жердіңбіржерово деп атайды. Алыстығынан болса керек. Бірақ бізге Созақтықтарға жақын. Жүрегімізге жақын. Өзінің ПриколАтауАуылдарымен, құмымен, жусанымен, түйесімен. Бір жылдан бері жете алмай жүрген жеріміз.

P.S: отпуск қашан болар екен…
Әрі қарай